Galaxy GL2157 [16/20] Құралдың моторлы блогын жұмсақ аздап суланған матамен сүртіңіз

Galaxy GL2157 [16/20] Құралдың моторлы блогын жұмсақ аздап суланған матамен сүртіңіз
KAZ
16
16
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Қаптаушы материалды (бар болған жағдайда) алып тастаңыз;
ЕСКЕРТУ! Қаптаушы материалдарды (пластик пакеттерді, полистирол және
т. б.) балаларға қолжетімді жерлерде қауіпті оқиғаларға жол бермеу үшін
қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар бар болған
жағдайда) және бұйымның сериялық нөмірі бар жапсырманы орнында
электр құралының моторлық блогында міндетті түрде сақтаңыз!
6.2 Барлық алынбалы элементтерін жылы суда жұмсақ жуғыш құралмен
жуыңыз және әбден кептіріңіз;
Ескерту – Тазалау үшін металл бұйымды және қажақты құралды
қолданбаңыз, өйткені бұл жабынды бүлдіруі мүмкін;
6.3 Құралдың моторлы блогын жұмсақ, аздап суланған матамен сүртіңіз,
содан кейін құрғатып сүртіңіз;
6.4 Құрал қолдануға дайын.
Ескерту – Бірінші рет қолдану кезінде бөгде иістің пайда болуы құралдың
ақаулығының салдары болып табылмайды.
7 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
7.1 Жұмыс тәртібі
• Құралды тегіс, құрғақ және орнықты бетке орнатыңыз;
• Ингредиенттерді контейнерге (1) орналастырыңыз;
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Контейнерді (1) аса толтырмаңыз! Блендердің (1)
контейнерін толтыру деңгейі 600 ml белгісінен аспауы керек. Контейнердегі
өлшегіш межені (10) қолданыңыз;
• Моторлы блокты (3) контейнерге (1) бұраңыз;
• Контейнерді (1) электр құралының моторлы блогына (4) пышақты блок-
пен (3) төмен бұрап бекітіңіз;
Ескерту – Егер контейнер (1) қате орнатылса, құрал жұмыс істемейтін
болады.
Қуат беру баусымын (2) толықтай тарқатыңыз және қуат беру
баусымының ашасын желіге қосыңыз;
Іске қосу батырмасын (5) басыңыз және ұстап тұрыңыз.
Ингредиенттердің контейнердегі (1) талап етілетін консистенциясына
қол жеткізілгеннен кейін іске қосу батырмасын (5) босатыңыз;
Ескерту
1 Блендер үзіліссіз 2 минутқа дейін жұмыс істей алады. Жұмыс
кезеңдерінің арасында кем дегенде 1 минут үзіліс жасап отырыңыз.
Блендерді үш рет іске қосудан кейін мотордың қызып кетуін болдырмау
үшін 20 минуттай үзіліс жасаңыз.
2 Құралдың жұмысы кезінде моторлы блок қатты ыстық болуы мүмкін.
Бұл қалыпты құбылыс және ақаулық болып табылмайды;
3 Пышақ айналуының күтпеген тоқтатылуы жағдайында құралды
желіден ажыратыңыз, және осыдан кейін ғана пышақты бұғаттаушы
ингредиенттерді алып тастауға болады.
• Қуат беру баусымының ашасын желіден шығарыңыз;

Содержание

Скачать