Galaxy GL2601 [20/30] Электр құралын орнықсыз беттерге немесе электр құралдарына мәселен тоңазытқышқа немесе дастарқан секілді материалдарға

Galaxy GL2601 [20/30] Электр құралын орнықсыз беттерге немесе электр құралдарына мәселен тоңазытқышқа немесе дастарқан секілді материалдарға
KZ
20
20
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
14. Электр құралын орнықсыз беттерге немесе электр құралдарына,
мәселен, тоңазытқышқа немесе дастарқан секілді материалдарға
орналастырмаңыз.
15. Электр құралының ішкі бөлігін әрқашан тазалықта ұстаңыз.
16. Электр құралының ыстық беттеріне жанаспаңыз.
17. Электр құралымен жиынтықта жеткізілмеген керек-жарақтарды қолдану
қауіпсіз болуы және электр құралының бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
18 Өнімдер мен ыдыстың жоғарғы және бүйірлік қабырғаларға тиіп
кетпеулерін қадағалаңыз, себебі бұл өртке немесе электр тоғымен
зақымдалуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
19. Электр құралының бетіне қандай да болмасын заттарды сақтамаңыз.
20. Электромагниттік АЖЖ толқындар энергиясының әсерлерінен
қорғайтын пештің корпусын шешу өте қауіпті. Корпусты шешумен байланы-
сты пешке қызмет көрсету және жөндеу бойынша кез келген жұмыстарды
тек білікті мамандар ғана орындай алады.
21. Бітеу пісірілген қабықты жұмыртқаны және тұтас жұмыртқаны қысқа
толқынды пештерде жылытуға болмайды, өйткені олар тіпті қысқа
толқынды пеште жылыту аяқталғаннан кейін де жарылулары мүмкін.
22. Сұйықтықтарды немесе басқа да өнімдерді қымталанған жабық контей-
нерлерде қыздыруға болмайды, себебі олар жарылулары мүмкін.
23. Қысқа толқынды пеш тек автономды орнатуға ғана арналған, оны
шкафқа орналастыруға болмайды.
24. Қолдану кезінде құрылғы қызады. Сақ болыңыз, пештің ішіндегі
қыздырғыш элементтермен жанасудан аулақ болыңыз. Құралдың сыртқы
бөліктері қолдану кезінде қатты қызуы мүмкін.
25. Құрылғыға жергілікті және мемлекеттік ережелерге сәйкес дұрыс жерге
тұйықтауды талап етеді.
26. Құрылғы артық физикалық әсерге және соққыларға ұшырамауы керек.
27. Құрылғыны тазалау үшін бензолды, еріткішті, спиртті, бутазартқышты
немесе жоғары қысымды тазартқышты қолданбаңыз.
28. Желілік сым ашасының резеткіге сенімді қосылғандығына көз жеткізіңіз.
Ұялары бірнеше жалғастырғыш тетікті, ұзартқышты немесе электр
түрлендіргішті қолданбаңыз. Желілік сымды металл заттарға ілмеңіз,
желілік сымды заттардың арасына қоймаңыз және оны пештің артына
жүргізбеңіз.
29. Электр құралын су ағысымен тазалауға рұқсат етілмейді.
30. Ұшқыш заттарды, мәселен, инсектицидтерді, пештің бетіне бүрікпеңіз.
31. Қысқа толқынды пеште ішімдіктері бар ыдыстарды қыздыру баяу
қарқынды қайнауға әкеліп соқтыруы мүмкін, сондықтан мұндай ыдыстарды
пайдалану кезінде сақтық шараларын қабылдау қажет. Мұндай жағдайды
болдырмау үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ пештің температурасы қоршаған орта-
мен теңесуі үшін оны сөндіргеннен кейін кем дегенде 20 минуттай пешті
суытыңыз. Күйіп қалуды болдырмау үшін тамақтандыруға арналған ба-
лалар бөтелкелерінің және балалар тағамы құтыларының ішіндегілер
араластырылған және шайқалған, ал өнімнің температурасы қолдану ал-
дында тексерілген болуы керек.
32. Жайпақ табақты дайындағаннан кейін бірден суға салмаңыз, бұл
бұзылуға немесе бүлінуге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Содержание

Скачать