Galaxy GL2601 [24/30] Пайдалану

Galaxy GL2601 [24/30] Пайдалану
KZ
24
24
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ
уақытында олар жабық болса, бұл құрылғының қызып кетуіне немесе
бүлінуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
9. Жақсы желдетумен қамтамасыз ету үшін пешті бүйірлік қабырғадан 15
см, артқы қабырғадан 10 см және үстіңгі қабырғадан 30 см қашықтықта
орнатыңыз.
10. Айналушы жайпақ табақ жетегінің білігін шешпеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған бұйым жерге тұйықталған болуы керек.
Аталған пеш 250 В, 8 А кіріктірілген сақтандырғышымен жабдықталған.
11. Аунақшалы қойғышты және айналушы жайпақ табақты орнатыңыз.
Аунақшалы қойғыштың еркін айналатындығын тексеріңіз. Қысқа толқынды
пешті бірінші рет қолданудың алдында пештің ішкі компоненттерін және
есіктің тығыздауышын дымқыл матамен сүртіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
Пеште бүлінулердің жоқтығына көз жеткізіп алып, ашаны желіге қосыңыз.
Өнімдерді қысқа толқынды пеште қолдануға жарайтын ыдысқа салыңыз.
Пештің есікшесін ашыңыз, шыны жайпақ табаққа ішінде өнімдер бар ыды-
сты қойыңыз. Есікшені тығыздап жабыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пеш жұмысын автоматты түрде тоқтататындықтан
Сіз пеш жұмыс істеп тұрған кезде есікшені аша аласыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пешті қараусыз қалдырудың алдында берілген
дайындау параметрлерін тексеріп алу қажет. Қуатты реттеуіштің көмегімен
қажетті қуат деңгейін таңдаңыз.
Таңба Мән
Жылыту/ Толық қуаттың шамамен 20%-ы
Мұзды еріту/ Толық қуаттың шамамен 40%-ы
Толық қуаттың шамамен 60%-ы
Толық қуаттың шамамен 80%-ы
Толық қуат
Таймерді реттеуіштің көмегімен дайындау уақытын орнатыңыз.
Нәтижесі: Пеште жарық жанады, және жайпақ табақ айнала бастайды.

Содержание

Скачать