Galaxy GL4720 [23/34] Құралдың корпусын 1 дымқыл матамен сүртіңіз алынбалы саптаманы

Galaxy GL4720 [23/34] Құралдың корпусын 1 дымқыл матамен сүртіңіз алынбалы саптаманы
ды қолайлы пайдалану үшін жеткілікті түрде жеткізіледі.
4 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз. Желілік сымды (8) толықтай тарқатыңыз.
Құралдың корпусын (1) дымқыл матамен сүртіңіз. Алынбалы саптаманы
(2) сабынды сумен жуыңыз, желіге қосудың алдында құралдың барлық
элементтерін кептіріп алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Фенді бірінші рет іске қосу кезінде түтін шығуы
мүмкін және иіс пайда болады. Бұл қауіпті емес және құралдың бұзылу
себебі болып табылмайды. Іске қосқаннан кейін бірнеше минут өткен кезде
түтін мен иіс жоғалады.
5 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
5.1 Жұмыс тәртібі
Саптаманы (2) феннің корпусына орнатыңыз;
Ескерту – Саптаманы шешу үшін, оны электр құралының корпусынан
тартыңыз;
Желілік сымның (8) ашасын электр желісінің розеткісіне қойыңыз;
Жұмыс режимдерін ауыстырғышты (3) күйлердің біріне орнатыңыз: «I»
– жұмсақ кептіру және шашқа укладка жасау үшін ауаның әлсіз ағыны,
«II» – тез кептіру үшін ауаның максималды ағыны немесе «0», құралды
сөндіру үшін;
Желілік сымның (8) ашасын розеткіден шығарыңыз;
Құралды суынуы үшін жылуға төзімді бетке қойыңыз.
5.2 Шоғырландырғыш
Саптама-шоғырландырғыш ауа ағынын шаштың белгілі бір учаскелерін
кептіру және укладка жасау үшін бағыттауға мүмкіндік беретін жалпиған
ұштықпен цилиндрлік пішінге ие. Фен мен сіздің бұрымдарыңыздың ара-
сындағы қашықтық 10-15 см кем болмауы керек: бұл қашықтықта Сіз
шаштарды біркелкі кептіре аласыз, және бұл ретте оларды аса кептіріп
жібермейсіз. Саптаманы біртіндеп тамырлардан ұштарға дейін жылжыта
отырып, бұрымдарға өткір бұрышта ұстаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралдың қызып кетуін болдырмау үшін үздіксіз 10
минут бойы жұмыс жасамаңыз және міндетті түрде 10 минуттан кем емес
үзіліс жасаңыз. Фен қызып кеткен кезде автоамтты сөндіру атқарымы іске
қосылады.
KAZ
23
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Содержание

Скачать