Galaxy GL4720 [29/34] Құралды қолдану кезінде сақ болыңыз себебі оның қатты қызуы

Galaxy GL4720 [29/34] Құралды қолдану кезінде сақ болыңыз себебі оның қатты қызуы
2.5 Желілік сым бүлінген кезде қауіптерге жол бермеу үшін ол дайындаушы
немесе оның агенті, немесе аналогтік білікті тұлға арқылы ауыстырылуы
керек. Желілік сымды ауыстыру қолданыстағы тарифке сай авторланды-
рылған сервистік орталықта жүзеге асырылады.
2.6 Егер жану немесе жарылу қаупі болса, мәселен, тез тұтанатын сұй-
ықтықтардың немесе газдардың жанында электр құралын қолданбаңыз.
2.7 Егер ол тіпті сөндірілген және желіден ажыратылған болса да, бала-
ларға электр құралымен жанасуларына рұқсат бермеу керек
2.8 Электр құралын аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген
мақсаттардан басқа да мақсаттар үшін қолданбау керек. Электр құралымен
жұмыс, сақтау және күтім жасау осы пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа
қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек.
2.9 Құралды жасанды шаштарға укладка жасау үшін қолданбаңыз.
2.10 Құралды қолдану кезінде сақ болыңыз, себебі оның қатты қызуы
мүмкін. Құралды тек тұтқасынан ғана ұстаңыз, өйткені қалған бөліктері
өте ыстық болады. Пайдалану кезінде сақ болыңыз және тілімдердің ыстық
беттеріне терінің жанасуына жол бермеңіз.
2.11 Құралды боялған шаштарға қолдану кезінде керамикалық жабындары
бар тілімдерде дақ пайда болуы мүмкін!
2.12 Суымаған құралды қандай да болмасын заттармен немесе нәрселер-
мен жабуға тыйым салынады (мәселен, киіммен немесе орамалмен).
2.13 Желілік сымның құралдың ыстық бетіне жанасуын болдырмаңыз. Жұ-
мыс жасап тұрған қысқаштарды дымқыл қолдармен ұстамаңыз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын суға немесе басқа да
сұйықтықтарға батыруға болмайды! Электр құралын ылғалды
ортада немесе электр құралына қандай да болмасын
сұйықтықтардың шашырандылары тиіп кетуі мүмкін орындарда
қолданбаңыз! Электр құралын ванна бөлмесінде, бассейндердің және
басқа да су көздерінің жанында қолдану үзілді-кесілді ұсынылмайды!
Жұмыс істеп тұрған фенді дымқыл қолдармен ұстамаңыз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешбір жағдайда электр құралын алкогольдік
немесе есірткілік масаю немесе ақиқатты объективті қабылдауға кедергі
болатын басқа да жағдайларда қолданбаңыз және осындай жағдайдағы
немесе басқа да шарттардағы басқа адамдарға электр құралын сеніп
тапсырмау керек!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулық осы
құралды пайдалану процесінде пайда болуы мүмкін барлық ықтимал
штаттық емес оқиғалардың барлығын қарастыра алмайды. Қолданушы
электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы
шараларын өздігінен сақтауы керек!
KAZ
29
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Содержание

Скачать