Redmond RFD-0157 Черный [20/28] Жағдайларында қолданыла алады құрылғыны

Redmond RFD-0157 Черный [20/28] Жағдайларында қолданыла алады құрылғыны
20
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойын-
ша нұсқаулықты мұқият оқыңыз және анықтамалық ретін-
де сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, оның
қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар
құралды қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық жағдай-
ларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде қолда-
нушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасы талаптарын және
бұйымды пайдалану ережелерін ұстанбаудан
туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда
әзірлеуге арналған көпфункционалды құрылғы
болып табылады және пәтерлерде, қала
сыртындағы үйлерде, қонақ үй нөмірлерінде,
дүкендер, офистердің тұрмыстық бөлмелерінде
немесе өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа
жағдайларында қолданыла алады. Құрылғыны
өнеркәсіптік немесе кез келген басқа мақсатсыз
пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын
бұзу болып табылады. Бұл жағдайда өндіруші
ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның
кернеуі аспап қоректенуінің номиналды кернеуіне
сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық
сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін
қараңыз).
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған
ұзартқышты пайдаланыңыз. Бұл талапты ұстанбау
қысқа тұйықталуға немесе кабельдің тұтануына
әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны
тазалау немесе жылжыту кезінде розеткадан
ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай,
ашасынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу
көздерінің қасында жүргізбеңіз. Электр бауы
бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға,
жиһаздың бұрыштары мен шеттеріне тимеуін
байқаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать