Polaris PWK 1796C Green [19/25] Йнектің шүмег

Polaris PWK 1796C Green [19/25] Йнектің шүмег
19
1. ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес, тұрмыста және соған ұқсас жағдайларда қолдануға
арналған:
тұрақты тұрғылықты мекенжайларда;
қоғамдық тамақтану орындарында, дүкендерде, кеңселерде, фермерлік шаруашылықта
және басқа да жұмыс орындарында;
тұруға арналған қонақ үйлер, отельдер және басқа да орындарда;
түнеуге және таңғы асты ішуге арналған орындарда.
Құралды өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде
туындаған залал үшін жауапты емес.
2. ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Электрлік шәйнекті тек қана ішуге жарамды суды жылыту үшін қолданыңыз.
1. Құралдың сыртқы
корпусы .
2. Электрмен коректендіру
түпқояры.
3. Тұтқасы.
4. Қақпағы.
5. Шәйнектің шүмегі,
сүзгі (суретте
көрінбейді).
6. Құралдың қақпағын
ашуға арналған
батырмасы.
7. ҚОСУ/ӨШІРУ(I/O)
ауыстырып-қосқышы.
8. Су деңгейін өлшейтін екі
жақты шәкілі.
3. ҚҰРАЛДЫ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН ДАЙЫНДАУ
Алғаш рет пайдаланар алдында шәйнектен орайтын барлық материалдарды ішінен және
сыртынан алып тастаңыз, сонымен қатар құралдың сыртқы бетінен барлық жарнамаға
қатысты жапсырмаларды алыңыз.
Түпқоярды тегіс, таза, қызуға қарсы бетке орнатыңыз.
Шәйнекке су құйып, оны бірнеше рет суық сумен шайып жіберіңіз.
Шәйнекті оның электрмен қоректендіретін түпқоярына орнатыңыз.

Похожие устройства

Скачать