Polaris PWK 1796C Green [20/25] Басу арқылы шәйнекті қолмен сөндіре аласы

Polaris PWK 1796C Blue [20/25] Басу арқылы шәйнекті қолмен сөндіре аласы
20
Шәйнектегі суды пайдаланбас бұрын, оны ішердің алдында, суды бірнеше рет ауыстыра
отырып, шәйнекті 2-3 рет қайнатып алуға, содан соң шәйнектің ішін тазарту үшін сол
екі -үш мәрте қайнатып алған суды төгіп тастауға кеңес беріледі.
Сүзгіні орнату
Шәйнектің қақпағын ашып, сүзгі шәйнектің алдыңғы бөлігінде, шүмек жағында
орналасқан ба, тексеріңіз.
Сүзгі шүмекке дұрыс орнатылған ба және берік бекітілген бе, көз жеткізіңіз
Егер сүзгі орнатылмаған болса, оны төменгі жағымен шүмек саңылауының төменгі
бөлігіндегі корпус ішіндегі шығыңқы жерге кіргізіп, кигізіңіз, содан соң сүзгіге шүмекке
бағыт бойынша басыңыз, бұл жоғарғы бөліктің қондырылатын орынға сарт еткізіп
бекітілуі үшін қажет.
Қақпақты жабыңыз.
Сүзгі шәйнек шүмегінің ішіндегі науашықтарға дұрыстап бекітілген болу тиіс.
4. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1. Шәйнекке су толтыру
Шәйнекке су толтырмас бұрын, оны түпқоярдан алыңыз.
Суды шәйнекке шүмек арқылы немесе шәйнектің аузы арқылы құйыңыз, судың деңгейі
1,7л. (max) белгісінен асыра және 0,5л. (min) белгісінен төмен болмау қажет.
2. Шәйнекті іске қосу
Шәйнекті желіге жалғастырмас бұрын, алдымен сіздің электр желідегі
қолданылатын кернеудің электрлік параметрлері бұйымдағы арнайы техникалық
заттаңбасында, яғни құралда әйнектің түбі мен қоректендіру затында орналасқан)
көрсетілген электр параметрлеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Шәйнекті электрмен қоректендіру түпқоярына орнатыңыз.
Қоректендіру түпқоярының электр жалғауына және электр қосылысына судың тамып
кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Желілік сымның айыршасын розеткаға жалғастырып қосыңыз.
ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ(I/O) ауыстырып-қосқышын төмен қарай баса отырып, шәйнекті
қосыңыз. Осы сәтте ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ(I/O) ауыстырып-қосқышындағы орналасқан
жарық индикаторы жанады.
Суды қайнату үдерісі басталады.
Назар аударыңыз!
Егер Сіз байқамай кездейсоқ түрде суы жоқ шәйнекті қосқан жағдайда оның күйіп кетуден
сақтандыру жүйесі іске қосылады, сонымен ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ(I/O) ауыстырып-
қосқышы автоматты түрде ӨШІРУ (О) қалпына қайта оралады. Шәйнекті одан әрі
пайдалану үшін құралды электрмен қоректендіру түпқоярынан алыңыз да, содан суық
сумен толтырмас бұрын, оны 30 минут уақыт бойы, ол суығанша күте тұрыңыз, содан соң
ғана шәйнекті суық сумен толтырыңыз.
3. Шәйнекті өшіру
Су қайнаған кезде шәйнек автоматты түрде сөнеді. Содан кейін жұмыс индикаторы сөнеді.
Қажет болған жағдайда Сіз ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ(I/O) ауыстырып-қосқышын жоғары қарай
басу арқылы шәйнекті қолмен сөндіре аласыз.
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз.
Назар аударыңыз!
Шәйнекті түпқоярдан алмас бұрын оның сөнгеніне көз жеткізіңіз, ол сөнбегенше оны
тұпқоярдан алмаңыз.

Похожие устройства

Скачать