Zanussi GPZ263SN 949 640 635 [8/52] Ыдыс аяқ

Zanussi GPZ263SN 949 640 635 [8/52] Ыдыс аяқ
АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ЫДЫС-АЯҚ
АБАЙЛАҢЫЗ Шойыннан құйылған
табаларды, фарфор не балшықтан
жасалған ыдысты, гриль не тостер
табақтарын пайдаланбаңыз. Тот
баспайтын болат қатты қызғанда
көмескі тартуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ! Бір табаны екі оттыққа
қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ! Орнықсыз не табанына
нұқсан келген кәстрөлдерді
ішіндегісі төгіліп, адам жарақат
алмау үшін қолданбаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Кәстрөл
табандарының басқару тетігіне
тым жақын тұрмағанына көз
жеткізіңіз, себебі басқару тетігін
жалын ысытып жібереді.
АБАЙЛАҢЫЗ Кәстрөл
саптарының пісіру алаңының
алдыңғы қырының үстінде емес
екеніне көз жеткізіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ Кәстрөлді орнықты
етіп қою және газды мүмкіндігінше
аз пайдалану үшін кәстрөлді
оттықтың ортасына қойыңыз.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ
Егер мүмкіндік болса, ыдысқа әрқашан
қақпақ жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
ЫДЫСТЫҢ ДИАМЕТРІ
Оттықтың диаметрлеріне сай
келетін ыдыстарды
пайдаланыңыз.
Оттық
Ыдыстың
диаметрі (мм)
Жылдам 180 - 260
Жартылай жылдам 120 - 220
Қосымша 80 - 180
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
Әрқашан табаны таза ыдысты
пайдаланыңыз.
Пештің үстіне түскен сызаттар немесе
қошқыл дақтар оның жұмысына ешқандай
әсер етпейді.
Пештің бетіне арналған арнайы
тазалағышты пайдаланыңыз.
Тот баспайтын болат
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Күйген тағамды, майды және қатып қалған
дақтарды тазалау алдында шамалы
жұмсақ жуғыш зат құйып, бірнеше минут
жібітіңіз.
Болат беттерді қорғау үшін тот баспайтын
болатқа арналған жуғыш заттарды
пайдаланыңыз.
Хлорид тәрізді тот бастыратын химиялық
заттар қосылған жуғыш құралдарды
пайдаланбаңыз, зарарсыздандыру, дақ
немесе тот кетіргіш немесе батыратын
сұйықтықтарды қолданбаңыз.
ТАБА ТАҒАНДАРЫ
Ыдыс тағандары ыдыс жуғыш
машинада жууға төзімді емес.
Оларды қолмен жуу керек.
8

Содержание

Похожие устройства

Скачать