Vitek VT-8514 [12/24] Қазақша
![Vitek VT-8514 [12/24] Қазақша](/views2/1460038/page12/bgc.png)
12
ҚазаҚша
VT-8514 YCТЕЛЬДIK БЛЕНДЕРІ
Үстел блендері азық-түліктерді ұсақтауға,
түрлі ингредиенттерді араластыруға және
коктейльдер әзірлеуге арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Мөлшерлеу стақаншасы
2.
Блендер шыныаяғының қақпағы
3.
Блендер шыныаяғы
4.
Ұсақтауыш пышақтар
5.
Моторлы блок
6.
Жұмыс тәртіптемесін ауыстырып-қосқыш
«P-0-1-2»
7.
Сырғанауға қарсы аяқшалар
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны қолдану алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және оны
пайдалану мерзімі бойы сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта айтылғандай,
тікелей тағайыны бойынша пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау жағдайы оның
бұзылуына әкеліп соғуы, пайдаланушыға
немесе оның мүлкіне зиян келтіруі мүмкін.
•
Құрылғыны алғаш пайдаланар алдында
электр желісі кернеуінің құрылғы кернеуіне
сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Блендердің үздіксіз
жұмыс істеу уақыты 3 минуттан аспауы
қажет, содан кейін 10 минуттан кем емес
уақыт барысында құрылғыны бөлме
температурасына дейін салқындатыңыз.
•
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде
пайдалануға тыйым салынады.
•
Құрылғыны тегіс және орнықты бетке
орнатыңыз.
•
Жеткізілім жиынтығына кіретін, алмалы
бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
•
Егер құрылғыны пайдаланбасаңыз,
сондай-ақ тазартар алдында міндетті түрде
электр желісінен ажыратыңыз.
•
Пышақтардың кесетін қырлары өте
өткір және қауіпті болып табылады.
Құрылғыны бөлшектегенде немесе
блендер шыныаяғынан өңделген өнімдерді
шығарғанда, сондай-ақ тазалау барысында
пышақтарға өте абай болу қажет!
•
Пышақ айналымы кенеттен тоқтап қалған
жағдайда пышақтарды тоқтатып тастаған
ингредиенттерді алып тастау үшін,
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
•
Блендер шыныаяғын шамадан тыс
жүктемеңіз және құйылған сұйықтық
деңгейін қадағалаңыз.
•
Пышақтар толық тоқтағаннан кейін
ғана, құрылғыны сөндіріп және оны
электр желісінен ажыратқаннан кейін
ғана сұйықтықты төгуге және өнімдерді
шығаруға, сондай-ақ моторлы блоктан
блендер шыныаяғын шешіп алуға болады.
•
Өнімдерді блендер шыныаяғына
құрылғыны қосқанға дейін салыңыз. Егер
шыныаяқта өнімдер болмаса, құрылғыны
қоспаңыз.
•
Жұмысқа кіріспес бұрын ыстық өнімдерді
салқындатыңыз.
•
Құрылғыны пайдалана бастау
алдында, блендер тостағаны және
блендер тостағанының қақпағы дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Блендер
қақпағы орнатылмаған құрылғыны іске
қоспаңыз.
•
Құрылғының айналып жатқан бөлшектеріне
тиіспеңіз. Шаштың түсуін немесе киімнің
еркін ілулі тұрған элементтерінің пышақтар
айналымы аймағына түсуін болдырмаңыз.
•
Желі бауының ашасын электр розеткасынан
ажыратарда желі бауынан тартпаңыз, желі
бауының ашасынан қолыңызбен ұстаңыз.
•
Желі бауының үстелден салбырап тұруын
болдырмаңыз, сондай-ақ ыстық беткейлер
мен жиһаздардың өткір жиектеріне тиіп
тұрмауын қадағалаңыз.
•
Желі бауын суланған қолмен ұстамаңыз.
•
Қосылған құрылғыны қадағалаусыз
қалдырмаңыз.
•
Құрылғыны ас үй раковинасының тікелей
жанында пайдаланбаңыз, құрылғыға ылғал
тиюін болдырмаңыз.
•
Құрылғыны аэрозоль шашырататын
жерде және тез тұтанғыш сұйықтықтарды
пайдаланатын жерде қолданбаңыз.
•
Жылу көздері мен ашық оттың тікелей
жанында құрылғыны пайдаланбаңыз.
•
Электр тогының соғу қауіпін болдырмау
үшін желі бауын, желі бауының ашасын
және мотор блогін суға немесе кез келген
басқа сұйықтыққа салмаңыз.
IM VT-8514.indd 12 01.11.2018 17:15:38
Содержание
Похожие устройства
- Vitek VT-8515 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1483 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1430 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1440 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1441 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1443 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1439 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1437 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8031 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8007 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8009 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1576 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1575 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8322 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8316 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8324 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8312 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8321 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8310 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8315 Инструкция по эксплуатации