Vitek VT-8137 [16/28] Қазақша

Vitek VT-8137 [16/28] Қазақша
16
ҚазаҚша
Желі бауын орау үшін пернеге (22) басыңыз,
оралып жатқан баудың соғылуы мен
зақымдануына жол бермеу үшін оны қолмен
демеп тұрыңыз.
Жинастыру арасындағы үзілістерде
қылшақты (1) «тұрақ» орнына (23) орнатуға
болады (сур 3).
Ескертпе: - қылшақты (1) ауыстыру,
қондырмаларды (27, 28) орнату немесе кон-
тейнер-шаңжинағышты (11) тазалау алдында
шаңсорғышты сөндіріңіз және желі бауының
ашасын электр розеткасынан суырыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Шаңжинағыш-контейнерді (11) тазалау
Үй-жайды әр жинастырған сайын шаңжинағыш-
контейнерден (11) қоқыс пен шаңды жоюды
жүзеге асырыңыз.
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны желіден
ажыратыңыз.
Қолсаптан (12) ұстаңыз, бекіткішке (20)
басыңыз және шаңжинағыш-контейнерді (11)
шешіп алыңыз (сур. 4).
Контейнер-шаңжинағышты (11) қоқыс шелігінің
үстіне орналастырыңыз.
Қақпақты (14) (сур. 5) босату үшін бекіткіштен
(13) тартыңыз.
Шаң мен қоқысты контейнерден (11) жойыңыз.
Қақпақты (14) жабыңыз.
Контейнерді (11) орнына орнатыңыз.
Контейнер-шаңжинағышқа (11) орнатылған
сүзгілер блогі (16) мен сепараторды (19)
тазалау
Контейнерді (11) алдын ала қоқыс пен шаңнан,
жоғарыда сипатталғандай тазалаңыз.
Бекіткіштен (18) тартыңыз және қақпақты (17)
ашыңыз.
Сүзгілер блогін (16) шығарыңыз, сүзгілер
блогінен (16) микропоролон сүзгі мен тоқыма
емес материал сүзгіні шығарыңыз (сур. 6).
Қақапақты (17) жабыңыз, қолсаптан (12)
ұстаңыз, оны сағат тілі бағытына қарсы «
»
бұраңыз және сепараторды (19) шығарып
алыңыз.
Сепараторды (19) жылы су ағыны астында
жуып жіберіңіз және кептіріңіз.
Сүзгілерді (16) шаңнан және қоқыстан
тазалаңыз, оларды жылы су ағыны астында
жуыңыз.
Сүзгілерді жуу үшін ыдыс жуатын машинаны
пайдаланбаңыз.
Сүзгілерді (16) мұқият кептіріңіз.
Сүзгілерді кептіру үшін фенді пайдалануға
тыйым салынады.
Шаңжинағыш-контейнердің колбасын (15)
жуып жіберіңіз, сүртіңіз және кептіріңіз.
Циклондық сүзгіні колбаға (15) орнатыңыз,
ол үшін циклондық сүзгідегі белгіні «
»
колбадағы (15) белгімен сәйкестендіріңіз және
оны сағат тілі бағыты бойынша «
» бекігенге
дейін бұраңыз.
Қақпақты (17) ашыңыз және тоқыма емес сүзгі
мен микропоролон сүзгіні сүзгілер блогіне
(16) орнатыңыз, сүзгілер блогін (16) орнына
орнатыңыз.
Қақпақты (17) бекіткіш (18) іске қосылғанға
дейін жабыңыз.
Құрастырылған шаңжинағыш-контейнерді
(11) орнына орнатыңыз, контейнер-шаңжина-
ғыштың (11) сенімді бекігендігіне көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз!
Шаңжинағыш-контейнерді (11) орнатар
алдында сүзгілер блогінің (16) құрғақ екеніне
және шаңжинағыш-контейнердің (11) ішінде
ылғалдың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Шығу HEPA-сүзгісін (26) тазалау
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны электр
желісінен өшіріңіз.
Шығу сүзгісінің торын (25) шешіп алыңыз, ол
үшін оны сағат тіліне қарсы «OPEN» бұраңыз,
НЕРА-сүзгіні (26) шығарыңыз (сур. 7).
НЕРА-сүзгісін (26) сәл жылы ағын судың
астында жуып жіберіңіз. Сүзгіні жуу үшін ыдыс
жуатын машинаны қолданбаңыз.
HEPA-сүзгісін (26) құрғатыңыз. НЕРА-сүзгіні
(26) кептіру үшін фенді пайдалануға тыйым
салынады.
НЕРА-сүзгіні (26) орнына орнатыңыз.
Шығу сүзгісінің торын (25) орнына
орнатыңыз, ол үшін тордағы (25) «OPEN»
белгісін шаңсорғыш корпусындағы белгімен
сәйкестендіріңіз, торды (25) сағат тілі бойынша
«LOCK»-қа тірелгенге дейін бұраңыз.
Ескертпелер:
НЕРА-сүзгісін (26) орнату алдында, оның
құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
НЕРА-сүзгіні (26) кептіру үшін фенді
пайдалануға тыйым салынады.
Шаңсорғыш корпусы
Шаңсорғыш корпусын сәл дымқыл жұмсақ
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Шаңсорғыш корпусын, желі бауын және желі
бауының ашасын суға немесем кез-келген
IM VT-8137.indd 16 31.01.2019 16:49:38