Polaris PСF-15 [13/18] Моделі pcf 1015b pcf 15w

Polaris PСF-15 [13/18] Моделі pcf 1015b pcf 15w
13
Үстельдің үстіне қойылатын желдеткіш
Моделі: PCF 1015B, PCF 15W
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған.
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге
қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта
және орама материалымен бірге сақтаңыз.
Назар аударыңыз: Маңызды сақтық шаралары және осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көзделген нұсқаулары мен кеңестер, желдеткішті пайдалану барысында барлық мүмкін болатын
оқиғалар мен жағдайларды қамтымайды. Есте сақтаңыз, бүйым конструкциясында онымен жұмыс
істеп тұрған пайдаланушының назарлығы, дұрыс мағына және сақтық сияқты факторларды алдын
ала ескеруге ешбір мүмкіндік жоқ. Сонымен жұмыс барысында құралмен пайдаланатын тұлғалар
олардың сақталуына қажетті аталған осы барлық факторларына қатысты шараларын
қамтамасыздандыруға тиісті.
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құралды пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану ережелеріне»
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.
Құралды тек мақсаты бойынша ғана пайдаланады.
Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақауы
болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды.
Қосымша қорғаныс үшін қорғанысты өшіру құрылғысын (ҚӨҚ) орнату қажет. Кеңесті білікті
маманнан алыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосады. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
үшін жерге тұйықталу бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс. Стандартты
емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөніп тұрғанына тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстық ауаның, тікелей күн көзіне
және ылғалға ұшырамайтындай етіп, сүйір бұрыштарға соғылудан сақталуы керек. (құралды
ешқашан суға батырмаңыз). Құралды дымқыл қолмен ұстамаңыз. Құрал дымқылданып қалса,
бірден желіден ажыратыңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса әрдайым желіден
ажыратыңыз.
Аталмыш құрал құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі мен
тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына
жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.

Содержание

Скачать