Polaris PСF-15 [14/18] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

14
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап желіден
ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді ашадан ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау үшін
сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра алады.
Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге ұшыратуы
мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге
лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Жұмыс барысында құралдың қорғаныш торына саусақтарыңызды тигізбеңіз және басқа да
заттарды оған сұғу мүлдем болмайды.
Өрттің шығу қауіпін болдырмас үшін желдеткіштің торын бөгде заттармен жаппаңыз.
Электр сымын кілем сияқты заттардың астынан өткізуге болмайды. Құралдың электр сымын
кілеммен не кілем төсенімен және т.б. заттармен жаппаңыз. Желілік сымды адам жүретін
жолдан ешбір кедергі жасамайтындай алшақ орнату керек.
Ұзартқыш сымдарды пайдалануға болмайды, себебі ол құралдың қызып және өрттің пайда болуына
әкеп соқтырады.
Шашыңыз ұзын болса сақ болыңыз: ауа ағыны шашты құралға тартып, бұрап тастау мүмкін.
Құралды тек қана оның қорғағыш торы бекітілген болса ғана қосуға болады.
Құралды толығымен құрастырып оның қисаю бұрышын реттеп, орнатқан соң ғана желіге қосуға
болады.
Электр тоғына түсіп қалу қаупін болдырмас үшін бұл құралды ашық терезенің қасына қойып,
пайдалануға болмайды, себебі жауынның тамшылары оған тиіп кетіп жарақат алу қаупін немесе
мүлікке зиян келу қаупін тудыруы мүмкін.
Құралды орнатпас бұрын немесе оны құрастыру алдында оның желілі сымы электр көзіне
жалғанып тұрған жоқ па қадағалаңыз.
Құралдың штепсель ашасы розеткаға тікелей дұрыстап жалғаңыз. Розектаны пайдалану барысында
оның тозуына назар аударыңыз. Розетка желісі немесе желдеткіштің штепсельдің айыры ақаулы
емес пе үнемі қадағалап тұрыңыз. Розетка ақаулы болса оған электр құрылғыларды жалғамаңыз;
оны ауыстыру немесе жөндеу үшін білікті маманға хабарласыңыз.
Желдеткіштің бөлшектер арасында полистерольдің немесе басқа орама материалдарының
қалдықтары жабысып қалған жоқ па қадағалаңыз, шан немесе шағын қалдықтар анықталса
оларды қажет болса шансорғыш арқылы тазалаңыз.
Қолданылу салысы
Құрал аталған нұсқаулыққа сәйкес, тек тұрмыстық пайдалануға ғана арналған. Құрал өнеркәсіпте
пайдалануға арналмаған.
Өндіруші қате немесе аталған нұсқаулықта қарастырылмаған түрде пайдалану барысында
келтірілген зиян үшін жауапкершілік алмайды.

Содержание

Скачать