Electrolux EKG 511110 W [10/64] Тұмшапеш пайдалы ақыл кеңес

Electrolux EKG 511110 W [10/64] Тұмшапеш пайдалы ақыл кеңес
Егер гриль от алмаса немесе кенет
сөніп қалса:
1. Газ пештің басқару түймешесін
босатып, “Off” қалпына қосыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін, грильді қайта
тұтатып көріңіз.
Бұрылмалы істікті қолдану
Назарыңызда болсын! Бұрылмалы
істікті пайдаланған кезде абай
болыңыз. Шанышқылар мен істік
өткір. Жарақат алу қаупі бар.
Бұрылмалы істікті қолданған кезде
құрылғының есігін ашыңқырап
қойыңыз және дефлекторды
орнатыңыз.
1. Тірегіш ілгекті саңылауға салыңыз.
2. Бұрылмалы істікке бірінші
шанышқыны орнатыңыз.
3. Етті бұрылмалы істікке салыңыз.
4. Екінші шанышқыны бұрылмалы
істікке орнатыңыз.
5. Шанышқыларды бекіту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Бұрылмалы істікті бұрылмалы
істікке арналған саңылауға
салыңыз. "Құрылғының
сипаттамасы" тарауын қараңыз.
7. Бұрылмалы істіктің алдыңғы жағын
тірегіш ілгекке салыңыз.
8. Тұтқаны алыңыз.
9. Грильге қойыңыз. "Грильді қолдану"
тарауын қараңыз.
10. Бұрылмалы істіктің түймешігін
басыңыз.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарлары құрылғының
астыңғы жағынан бастап саналады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті әрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10
минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері
өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың
арасындағы бір қатарды ашық
қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз.
Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол
тым құрғақ болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде,
пеште кетпейтін дақ қалып қоймас
үшін май жинайтын табаны
қолданыңыз.
•Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны
турамай тұрып 15 минуттай қоя
тұрыңыз.
Тағамды қуырған кезде пештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін, май
жинағыш табаға аздап су құйыңыз.
Түтін жиналып қалмас үшін суы
сарқылған сайын үстінен су құйып
отырыңыз.
10 electrolux

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Где на ней термометр на духовке
2 года назад