Electrolux EKG 511110 W [7/64] Бірінші қолданғанға дейін

Electrolux EKG 511110 W [7/64] Бірінші қолданғанға дейін
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Пешті пайдаланбас бұрын, оның
ішкі және сыртқы орам
материалдарының барлығын
алыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Пештің
есігін әрқашан тұтқасының
ортасынан ұстап ашыңыз.
Алғашқы тазалау
Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың
барлығын алыңыз.
Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың
алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш тазалағыштарды
қолданбаңыз! Бұндай заттар
құрылғының бетін бүлдіруі мүмкін.
"Күтім көрсету және тазалау"
тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп
жіберу үшін, ең жоғары температураны
орнатыңыз да, бос пешті 45 минут
қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары
қалыпты жағдайда пайдаланған
кездегіден де қызып кетуі мүмкін. Осы
кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты
жағдай. Бөлменің жақсы
желдетілетініне көз жеткізіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде
ашық отты пайдаланған кезде өте
абай болыңыз. Жалын дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда,
өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1. Тиісті басқару тетігін шегіне дейін
басыңыз да, оны сағат бағытына
қарсы бұрап ең жоғарғы мәнге
қойыңыз.
. Басқару тетігін
басқанда, от алдырғыш құрал
автоматты түрде іске қосылады.
2. Басқару тетігін шамамен 10 секунд
басып ұстап тұрыңыз; бұл
терморелені жылытуға көмектеседі.
Бұлай істемеген жағдайда, газ өшіп
қалады.
3. От бірқалыпты жанғаннан кейін,
оның жалынын реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың
дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
1
2
3
4
1 Оттықтың қақпағы
2 Оттықтың шілтері
3 Тұтатқыш жанарғы
4 Жылыту элементі
Назарыңызда болсын! Егер оттық
15 секундтан кейін жанбаса,
басқару түймешесін босатыңыз,
оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да,
кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Өте маңызды! Оттықты электр құралын
қолданбай жағуға болады (мысалы, ас
үйде электр қуаты болмаған кезде). Ол
үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп,
тиісті басқару түймешесін басыңыз да,
оны сағат тілінің бағытына қарсы ең көп
газ шығару қалпына бұраңыз.
electrolux 7

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Где на ней термометр на духовке
2 года назад