Bosch GCR 350 [178/285] Техникалық күтім және қызмет

Bosch GCR 350 [178/285] Техникалық күтім және қызмет
178 | Қазақ
Егер керн бұрғылау коронкасында қатты орнатылған
болса, жұмсақ ағашпен немесе пластик бөлшекпен
бұрғылау коронкасын қағып, кернді босатыңыз. Қажет
болса, кернді таяқпен бұрғылау коронкасының шеткі
жағынан итеріп шығарыңыз.
Нұсқау: бұрғылау коронкасын қатты заттармен қақпаңыз
(деформациялау қаупі бар)!
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тісті рейканы (22) және бұрғылау бағанының (21)
бағыттауыш беттерін әрдайым таза ұстаңыз.
Бұрғылау шпинделін (7) жұмыс соңында тазалап
шығыңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау шпинделі мен
бұрғылау коронкасына (6) тот басудан қорғайтын затты
себіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Бағыттауыш шығыршықтарды қосымша дәлдеу
(G суретін қараңыз)
Уақыт өте келе бағыттауыш шығыршықтар тозып,
бағыттауыш шығыршықтар мен бұрғылау станинасының
арасында бос аралық пайда болуы мүмкін. Осы бос
аралықты жою үшін екі бағыттауыш шығыршықты
бекіткіш тежегіштің (16) бүйіріне қосымша дәлдеу керек.
Екі алты қырлы гайканы (36) дөңбек кілтпен (кілт ені
17мм) босатыңыз.
Содан кейін екі ішкі алты қырлы бұранданы (37) біркелкі
тартып, бос аралықты азайтыңыз.
Екі алты қырлы гайканы (36) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тасымалдау
Электр құралы орнатылған бұрғылау станинасын сақтауға
қоюға болады. Ол үшін электр құралын айналатын
кресттің (15) көмегімен едендік тақтаға қарай барынша
ары бұраңыз да, бұрғылау станинасының аударылуына
жол бермеңіз.
Қауіпсіз тасымалдау үшін электр құралын бұрғылау
станинасынан шығарыңыз. Электр құралы орнатылған
бұрғылау станинасын да тегіс бетте тасымалдауға
болады.
Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер
Аралық тақта 350 мм (GDB350WE) 2 608 550 628
Білдек адаптері (GDB2500WE) 2 608 550 622
Су жинау сақинасы (GCR350) 2 608 550 620
Су жинау сақинасына арналған
тығыздауыш қақпақ (GCR 350)
2 609 390 391
Бекіткіш жинағы:
бетон үшін 2 608 002 000
кірпіш қалау үшін 2 607 000 745
Бетонға арналған дюбельдер жинағы 2 608 002 001
Вакуумдық жинақ 2 608 550 623
Вакуумдық жинаққа арналған
тығыздауыш резеңке (GCR350)
2 608 550 626
Жылдам қысқыш колонкасы 2 608 598 111
Қысымдалған су багы 2 609 390 308
Ылғалды/құрғақ сорғыш GAS 35MAFC
Ылғалды/құрғақ сорғыш GAS 55MAFC
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош”
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
“Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
1 609 92A 4NK | (03.04.2019) Bosch Power Tools

Содержание

Похожие устройства

Скачать