Zanussi ZOB23301XA [7/52] Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер

Zanussi ZOB23301XA [7/52] Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Гриль жасау
Жайпақ тағамды аз мөлшерде сөренің ортасында қақтауға
арналған. Тост жасауға арналған.
Сағат фунциялары
Минут операторы + Пісірудің соңы
Тұмшапеш функциясының автоматты
түрде сөнетін уақытын орнату үшін осы
функцияны пайдаланыңыз.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Таймердің тетігін шегіне дейін бұрап,
содан кейін қажетті уақыт мерзіміне
бұраңыз.
3. Уақыт аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Құрылғы сөнеді.
Қалыпты параметр
: Таймердің тетігін
қалпына бұраңыз. Осы қалыпта тұрған
кезде құрылғыны қолмен басқара аласыз.
Минут операторы + Пісірудің соңы
функциясы сөндірулі.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының температурасы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термоэлементі
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған кезде
немесе құралас бөлшектерінде ақау бар
болса, қатты қызып кету қаупі орын алады.
Бұндай жағдайдың алдын алу үшін
тұмшапеш қуаттың берілуін тоқтататын
термоэлементпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайтадан автоматты түрде іске қосылады.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Құрылғының сөре қойылатын бес
деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан бастап
санау керек.
Құрылғы ауа айналдыратын жəне буды
үздіксіз қайта айналдырып отыратын
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы
жүйенің көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ жəне сыртын күтірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен
пайдаланылатын қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есіктің шыны
панельдеріне бу жиналуы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғы есігін ашу қажет болса, үнемі
артқа шегініп барып ашыңыз. Конденсат
мөлшерін азайту үшін құрылғыны тағам
пісірер алдында 10 минут қосыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болған сайын
оның ылғалын тазалаңыз.
Тағам пісірген кезде заттарды
құрылғының табанына қоймаңыз жəне
құрылғының бөлшектеріне алюминий
жұқалтыр жаппаңыз. Бұл пісіру
нəтижесін өзгертіп, эмаль қаптамаға да
нұқсан келтіруі мүмкін.
7
www.zanussi.com

Содержание

Скачать