Zanussi ZOB35701XK [7/60] Əркүндік қолдану

Zanussi ZOB35701XK [7/60] Əркүндік қолдану
1.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны бір сағат қосып қойыңыз.
3.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
5.
Функцияны
жəне ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық
болып кетеді. Құрылғыдан иіс жəне түтін
шығады. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Əркүндік қолдану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.
Құрылғыны іске қосу жəне сөндіру
1. Тұмшапеш функцияларының тетігін
тұмшапеш функциясына бұраңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қуыт
индикаторы жанады.
2. Температура тетігін температураға
бұрап қойыңыз.
Құрылғының ішкі температурасы
жоғарылай бастаған кезде
температура индикаторы жанады.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функциялары тетігі мен температура
тетігін "Сөндірулі" қалпына бұраңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Шам
Тұмшапештің шамын пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
Дəстүрлі пісіру /
Сумен тазалау
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін. Үстіңгі
жəне астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта іске
қосылады.
Сумен тазалау функциясына қатысты толық ақпаратты "Күту
менен тазалау" тарауынан қараңыз.
Үстіңгі қызу
Піскен тағамдарды аяқтап пісіруге арналған. Тек үстіңгі
қыздыру элементі ғана жұмыс істейді.
Астыңғы қызу
Торттың астыңғы қыртысын кіртілдек етіп пісіруге арналған.
Тек астыңғы қыздыру элементі ғана жұмыс істейді.
Гриль жасау
Жайпақ тағамды аз мөлшерде сөренің ортасында қақтауға
арналған. Тост жасауға арналған.
Жылдам гриль
жасау
Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп мөлшерде гриль
дайындауға арналған. Тост жасауға арналған. Толық гриль
элементі жұмыс істейді.
Ыстық желмен
пісіру
Пісіру температуралары бірдей тағамды бірнеше сөреге
қойып, иістерін сіңірмей қуыру немесе қуырып-пісіруге
арналған.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітуге арналған. Температура тетігін
"сөндіру" қалпына қою керек.
7
www.zanussi.com

Содержание

Скачать