Haier HW60-1002D [56/70] Жұмыс режимдері

Haier HW60-1002D [56/70] Жұмыс режимдері
54
Жұмыс режимдері
Басқару түймешіктерін бұғаттау режимі («Балалардан қорғау»
режимі)
Кіржуғыш машина мен оның жұмысын балаларлың кездейсоқ араласуынан қорғау
үшін, G түймесін (Бастауды кідірту режимінің түймесі) және К түймесін (Бастау/Кідірту
түймесі) 3 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Балалардан қорғау функциясын өшіру
үшін G және К түймелерін қайтадан бірге басыңыз.
G
AA
HW60-1002D
Скорость
отжима
К
Бағдарламалардың орындалуынан бас тарту, өзгерту
«Бастау/кідірту» түймесін басыңыз, қоректі өшіріңіз, сонда жуу бағдарламасынан
автоматты түрде бас тартылады. Бағдарлама таңдау тұтқасын бұру арқылы басқа
бағдарламаны таңдаңыз.
Дыбыстық сигналдан бас тарту
Кіржуғыш машинаның дыбыстық сигналын қажет жағдайда өшіруге болады.
Нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіңіз.
Кіржуғыш машинаны қосып, бағдарлама таңдау тұтқасын сығу режиміне бұрыңыз,
бұдан соң «Бастауды кідірту» және «Қосымша шаю» түймелерін 3 секунд басып ұстап
тұрыңыз. Дисплейде «ВЕЕР OFF» белгісі пайда болады, бұл – дыбыстық сигналдың
өшкенін білдіреді. Дыбысты қайта қосу үшін осы операцияны қайталаңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения