Nikon Coolpix B600 Red [114/202] Зарядтаушы айнымалы ток адаптері

Nikon Coolpix B600 Red [114/202] Зарядтаушы айнымалы ток адаптері
23
Техникалық ескертулер
Kk_02
Батарея түйіспелері
Батареяның түйіспелеріндегі кір фотокамераның жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
мүмкін. Батарея түйіспелері лас болса, пайдаланудан бұрын оларды таза, құрғақ
шүберекпен сүртіңіз.
Заряды біткен батареяны зарядтау
Фотокамераға заряды біткен батареяны салған кезде фотокамераны қосу немесе
өшіру батареяның жарамдылық мерзімін қысқартуы мүмкін. Пайдаланбас бұрын
заряды біткен батареяны зарядтаңыз.
Батареяны сақтау
Пайдаланбаған кезде, батареяны фотокамерадан немесе қосымша батареяны
зарядтау құрылғысынан әрдайым шығарып тұрыңыз. Фотокамера ішінде болған
кезде, тіпті пайдаланылмаса да батареядан токтың аздаған мөлшері алынады. Бұл
батарея зарядының шамадан тыс бітуіне және қызмет етуінің толығымен тоқтауына
әкелуі мүмкін.
Пайдаланылған батареяны алты ай ішінде зарядтау ұсынылады. Батареяны ұзақ
уақытқа сақтағанда, оны әр алты айда кемінде бір рет қайта зарядтап,
фотокамераны сақтауға қайтаруға дейін оны батарея деңгейінің индикаторы B
болғанша пайдаланыңыз.
Батареяны оқшаулау және салқын жерде сақтау үшін пластик қалтаға, т.б. салыңыз.
Батарея салқын және қоршаған орта температурасы 15-25°C болатын құрғақ
орында сақталуы керек. Батареяны ыстық немесе өте салқын жерлерде
сақтамаңыз.
Батареяның қызмет көрсету мерзімі
Бөлме температурасында пайдаланған кезде толықтай зарядталған батареяның
белгілі бір уақыт ішінде тез азаюы оны ауыстыру қажеттігін білдіреді. Жаңа батарея
сатып алыңыз.
Пайдаланылған батареяларды кəдеге жарату
Қайта зарядталатын батареяларды жергілікті ережелерге сай, алдымен түйіспе
тұстарды лентамен оқшаулап қайта өңдеуге тапсырыңыз.
Зарядтаушы айнымалы ток адаптері
EH-73P зарядтаушы АТ адаптері тек үйлесімді құрылғылармен пайдалануға
арналған. Құрылғының өзге түрімен немесе үлгісімен бірге пайдаланбаңыз.
UC-E21 түрінен басқа USB кабелін пайдаланбаңыз. UC-E21 түрінен басқа USB
кабельді пайдалану өнімнің қызып кетуіне, өртке немесе электр тогының соғуына
алып келуі мүмкін.
EH-73P зарядтаушы айнымалы ток адаптерінен басқа айнымалы ток адаптерінің
өзге түрін немесе үлгісін ешбір жағдайда пайдаланбаңыз, сондай-ақ сатып алуға
қолжетімді USB айнымалы ток адаптерін немесе ұялы телефон батареясын
зарядтау құрылғысын пайдаланбаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау
фотокамераның шамадан тыс қызуына немесе зақымдануына әкелуі мүмкін.
EH-73P құрылғысы айнымалы тогы 100 В–240 В, 50/60 Гц электр розеткаларымен
үйлесімді. Өзге елдерде пайдаланған кезде, аша адаптерін (еркін сатылымда бар)
қажетінше пайдаланыңыз. Аша адаптерлеріне қатысты қосымша мәлімет алу үшін
саяхат агенттігіне хабарласыңыз.
Бұл өнімдегі таңбалар мыналарды білдіреді:
D Айнымалы ток, E Тұрақты ток, F II сыныпты жабдық (Өнім құрылысы қос
қабатпен оқшауланған.)
Q17005_QSG_KK.book Page 23 Tuesday, January 8, 2019 2:39 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения