Nikon Coolpix B600 Red [94/202] Батареяны жəне жад картасын салу

Nikon Coolpix B600 Red [94/202] Батареяны жəне жад картасын салу
3
Жұмысқа кірісу
Kk_02
Батареяның оң зарядты және теріс зарядты түйіспелері дұрыс бағытталған
күйде сарғылт батарея ілмегін жылжытыңыз (3) және батареяны салыңыз
(4).
Жад картасын орнына сырт етіп түскенше итеріңіз (5).
Батареяны немесе жад картасын басын төмен қаратқан күйі немесе
керісінше енгізбеңіз, бұл дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Егер жад картасының жазудан қорғау ажыратқышы құлыпталса, суретке
түсіру, өшіру немесе жад картасын пішімдеу мүмкін болмайды.
Фотокамера деректерін, соның ішінде кескіндерді және бейнефильмдерді
жад картасында да, ішкі жадында да сақтауға болады. Ішкі жадын пайдалану
үшін жад картасын шығарып алыңыз.
B Жад картасын пішімдеу
Өзге құрылғыда қолданылған жад картасын осы фотокамераға алғаш салған кезде
оны осы фотокамера арқылы пішімдеуді ұмытпаңыз.
Жад картасын пішімдеу жад картасындағы бүкіл суреттер мен басқа
деректерді тұрақты түрде жоятынын ескеріңіз. Жад картасын пішімдеуден
бұрын, сақтап қалғыңыз келетін суреттердің көшірмелерін жасауды ұмытпаңыз.
Фотокамераға жад картасын салыңыз, d түймешігін басыңыз және орнату
мәзірінен (A14) Format card (Картаны өшіру) пәрменін таңдаңыз.
Батареяны немесе жад картасын алу
Фотокамераны өшіріп, іске қосылу шамы мен экран өшірілгендігін тексеріңіз,
содан кейін батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
Батареяны шығару үшін батарея ілмегін жылжытыңыз.
Жад картасын жартылай шығару үшін жад картасын фотокамераға мұқият
итеріңіз.
Фотокамераны қолданған соң фотокамераны, батареяны және жад
картасын ұстағанда сақ болыңыз, себебі ыстық болуы мүмкін.
Желі мәзіріндегі Bluetooth (A14) M Send while off (Өшірулі болғанда
жіберу) мүмкіндігі арқылы смарт құрылғымен байланысу барысында
фотокамера өшірулі болса да, іске қосылу шамы қосылады.
Батареяны жəне жад картасын салу
Батарея ілмегі Жад картасының ұяшығы
Q17005_QSG_KK.book Page 3 Tuesday, January 8, 2019 2:39 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения