Moulinex Fastcooker CЕ620D32 — электр қысыммен әзірлегіш: тамақ дайындаудың тиімді тәсілдері [51/72]

Превью страниц Страница 51 / 72
Moulinex Fastcooker CЕ620D32 Руководство по эксплуатации онлайн [51/72] 431188
51
KK
пен температураны ұсынады. Сондай-ақ бар бағдарламаны таңдап, оның
параметрлерін өзгертуге болады.
3. Қысымның күйі
EPC (электр қысыммен әзірлегіш) — герметикалық қақпағы және арнайы клапаны
бар электр кәстрөл. Ол тамақты қысым астында әзірлеуге мүмкіндік береді, бұл
уақытты үнемдейді және қатты тамақтарды жұмсартады.
Келесі бағдарламалар автоматты түрде қысым астында әзірлейді: «Күріш/дәнді
дақылдар», «Ботқа», «Палау», «Бу», «Бұқтыру», «Сорпа», «Қайнату», «Жылыту».
«Аспаз» функциясы үшін қақпақ жабық және құлыптаулы күйде кемінде 100°C
температурасын таңдасаңыз, сіз әзірлеу қысым күйіне кіресіз.
Бағдарламаны таңдағаннан кейін қысымға жететін уақыт әзірлеу кәстрөліндегі
тамақ пен сұйықтықтардың мөлшеріне байланысты болад. Қысым күйіне
жету үішн қақпақты жабу және құлыптау керек: құрылғы герметикалық түрде
жабылғанда, температура артқанда іштегі сұйықтық буға айналып, кәстрөлдегі
қысымды көтереді (осылайша қысыммен әзірлеу кезінде табақ ішінде әрқашан
сұйықтық болуы керек).
Құрылғыда қысым жиналғаннан кейін құлыптау механизмі жүйесі белсендіріледі,
содан кейін әзірлеу кезінде қақпақты ашу мүмкін болмайды (сондықтан барлық
ингредиенттерді әзірлеудің басында қосу керек). Қысыммен әзірлеу кезінде
қақпақты ашуға ешқашан әрекеттенбеңіз.
Тамақ қысым астында әзірленгенде әзірлеу процесінен кейін құрылғы жылы ұстау
күйіне ауысады. Цифрлық экран «b» әрпін көрсетеді. Қысымды босату кезеңі үшін
8: «Қақпақты ашу» бөлімін қараңыз.
Қысым әзірлегішін бірінші бірнеше рет пайдаланғанда қақпақтан азғантай будың
шығуын байқауыңыз мүмкін. Бұл қалыптты және қысым жиналғанда орын алады.
Сондай-ақ әзірлеу кезінде қысымды шектеу клапанынан біраз ағу болуы мүмкін.
Әзірлеу кезінде будың шағын мөлшерінің шығуы қалыпты (өйткені клапан
қауіпсіздік клапаны болып табылады).
4. Әзірлеу және қыздыру күйі
Тек «Жылы ұстау/Бас тарту» немесе «Бастау/Тоқтату» пернелері қолжетімді, басқа
функциялар жарамсыз.
5. Жылы күйді ұстау
Ұстау уақытының кері санағы 0 болғанда зуммер дыбыстық сигнал шығарады,
жылы ұстау күйіне өтеді («Қамыр/Йогурт», «Қызарту» және «Аспаз» функцияларын
қоспағанда), цифрлық экранда «b» көрсетіледі және жылы ұстау пернесі
функциясының үстінде индикатор жанады.
24 сағаттан кейін бұл функиядан автоматты түрде бас тартылады және ол күту
режимі күйіне оралады.
Автоматты жылы ұстаудан бас тарту керек болса, әзірлеу режимін таңдау
алдында мұны істеу керек. Ұзақ басу барлық мәзірлер үшін автоматты жылы
ұстаудан бас тартады, ұзақ бип дыбысы болады және индикатор жанып, өшеді.
Тағы бір рет ұзақ басу автоматты жылы ұстауды қайта белсендіреді, сіз екі бип
дыбысын естисіз және индикатор жанып, өшеді. Осы әзірлеу режимінің соңында
тағы бір әзірлеу режимін бастағыңыз келсе, автоматты жылы ұстау ғана оралады.
Күту режимінде «Жылы ұстау/Бас тарту» пернесін бассаңыз, ол жылы ұстау

Содержание

71

Электр қысыммен әзірлегіштің артықшылықтары мен функциялары. Қысым астында тамақ дайындау, бағдарламаларды таңдау және параметрлерді өзгерту туралы толық ақпарат.