LG DoorCooling+ GA-B459SMHZ [28/80] Lg smartthinq қолданбасын орнату

LG DoorCooling+ GA-B459SMHZ [28/80] Lg smartthinq қолданбасын орнату
28
LG SmartThinQ қолданбасын
орнату
Google Play & Apple App дүкенінен немесе
смартфоннан LG SmartThinQ қолданбасын
іздеңіз. Жүктеу үшін нұсқауларды орындап,
қолданбаны орнатыңыз.
Wi-Fi модельдеріне арналған
LG SmartThinQ құрылғысының
мүмкіндіктері
Ыңғайлы смарт функцияларды пайдаланып,
смартфоныңыз арқылы құрылғыңызды
басқарыңыз.
Микробағдарламаларды жаңарту
Жабдықтың өнімділігін жаңартып тұрыңыз.
Smart Diagnosis™
Егер сіз Smart Diagnosis функциясын
пайдаланатын болсаңыз, құрылғыны
пайдалану үлгісі бойынша дұрыс қолдану
жолы сияқты пайдалы ақпарат беріледі.
Параметрлер
Тоңазытқышта жəне қолданбада əртүрлі
опцияларды орнатуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ
Егер сымсыз роутеріңізді, интернет
провайдеріңізді немесе құпиясөзді
ауыстыратын болсаңыз, LG SmartThinQ
қолданбасынан тіркелген құрылғыны
жойып, оны жаңадан тіркеңіз.
Құрылғыны жетілдіру мақсатында қолданба
пайдаланушыларға ескертілместен
өзгертілуі мүмкін.
Ерекшеліктері үлгісіне қарай əр түрлі болуы
мүмкін.
Wi-Fi желісіне қосылу
Wi-Fi түймесін LG SmartThinQ
қолданбасымен пайдаланғанда, ол
тоңазытқышты үйдегі Wi-Fi желісіне қосуға
мүмкіндік береді. Wi-Fi белгішесі
тоңазытқыштың желілік байланыс күйін
көрсетеді. Тоңазытқыш Wi-Fi желісіне
қосылған кезде белгіше жанады.
Құралды алғаш рет тіркеу
Құралды тіркеу үшін, LG SmartThinQ
бағдарламасын іске қосып, ішіндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Құралды қайта тіркеу немесе басқа
пайдаланушыны тіркеу
Уақытша өшіру үшін, Wi-Fi түймесін 3 секунд
басып тұрыңыз. Құралды тіркеу үшін, LG
SmartThinQ бағдарламасын іске қосып,
ішіндегі нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Wi-Fi функциясын өшіру үшін Wi-Fi
түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Wi-Fi
белгішесі өшеді.
Сымсыз LAN модулінің сипаттамалары
Моделі LCW-004
Жиілік
диапазоны
2412 - 2472 МГц
Шығыс
қуаты
(макс.)
IEEE 802.11b:17.82 dBm
IEEE 802.11g:17.72 dBm
IEEE 802.11n:16.61 dBm
Сымсыз функцияның Б/ж нұсқасы: V 1.0
Пайдаланушының назарына, бұл құрылғы
құрылғы мен дене арасындағы минималды
20 см қашықтықта орнатылып,
пайдаланылуы керек.
Бастапқы коды ашық
бағдарламалық құрал ескертуі
туралы ақпарат
Осы өнімдегі GPL, LGPL, MPL жəне басқа да
бастапқы коды ашық лицензиялардағы
бастапқы кодты алу үшін http://opensource.
lge.com веб-торабына өтіңіз.
Бастапқы кодқа қоса, барлық қажетті
лицензиялардың шарттарын, кепілдік
міндеттерінен бас тарту құжаттарын жəне
авторлық құқық туралы мəліметтерін алуға
болады.
LG Electronics компаниясы сізге CD-ROM
дискісінде ашық бастапқы кодты ақылы
түрде береді. Қызмет ақысына opensource@
lge.com мекенжайына электрондық хатпен
сұрау жіберілгеннен кейін мұндай үлестіруді
орындау құны (мысалы, тасығыш, жеткізу
жəне өңдеу құны) жатады. Бұл ұсыныс осы
өнімді соңғы рет жібергеннен кейін үш жыл
ішінде жарамды болады. Ұсыныс осы
ақпаратты алған əр тұлға үшін жарамды
болып келеді.
KK

Содержание

Похожие устройства

Скачать