LG DoorCooling+ GA-B459SMHZ [9/80] Ескерту

LG DoorCooling+ GA-B459SMHZ [9/80] Ескерту
9
KK
Пайдалану
Мұздатқыш бөлігіндегі металл бөліктерін немесе мұздап тұрған
тағамды дымқыл немесе ылғал қолыңызбен ұстамаңыз. Ол
қатып қалуға себеп болуы мүмкін.
Əйнектен жасалған контейнерлерді, бөтелкелерді немесе
банкаларды (əсіресе газдалған сусындары бар) нөлден төмен
температурадағы мұздатқыш камераға, сөрелерге немесе мұз
сақтау құтыларына салмаңыз.
Жабдық есігінің алдыңғы жағындағы қыздырып шыңдалған
шыны зақымдалуы мүмкін. Сынып қалған жағдайда оған
қолыңызды тигізбеңіз.
Құрылғы есігіне, сақтау бөлігіне, сөреге сүйкеніп тұрмаңыз
немесе оған мінбеңіз.
Есік жəшіктерінде тым көп су бөтелкелерін немесе гарнирлерге
арналған контейнерлерді сақтамаңыз.
Үй жануарларының қуат сымын немесе су шлангісін шайнап
тастауына мүмкіндік бермеңіз.
Құрылғы есігін артық күшпен ашпаңыз немесе жаппаңыз.
Жабдықтың есігіндегі топса зақымдалса немесе дұрыс жұмыс
істемесе, жабдықты пайдалануды тоқтатыңыз жəне өкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Шыны сөрелерін немесе қақпақтарын
олар салқын кезде жылы
сумен тазаламаңыз.
Ешқашан мұздатқыштан алынған қатып тұрған тағамдарды
дереу жемеңіз.
Құрылғы есігін ашқанда қол немесе аяқты қысып алмаңыз.
ЕСКЕРТУ
Өнімді пайдаланған кезде адамдарға келетін қауіпті
азайту, өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін болдырмау үшін
келесі нұсқаулармен бірге негізгі нұсқауларды
орындаңыз:
Жүкті тасымалдау
Тасымалдау кезінде құрылғыны тарту немесе итеру үшін оны
еңкейтпеңіз.
Құрылғыны жылжытқан кезде, қол немесе аяқ сияқты дене
мүшесі қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать