Indesit IS5V5CCX/EU Руководство по эксплуатации онлайн [12/64] 433159

Indesit IS5V5CCX/EU Руководство по эксплуатации онлайн [12/64] 433159
АБАЙЛАҢЫЗ:
Пісіру процесі басқарылады. Қысқа пісіру
процесі үздіксіз басқарылу керек.
ЕСКЕРТУ: Тоңмаймен немесе сұйық
маймен тамақ пісірген кезде пешті қараусыз
қалдыру қауіпті болуы және өрт шығу қатерін
тудыруы мүмкін. Отты ЕШҚАШАН сумен
өшіруге әрекеттенбеңіз, құрылғыны өшіріп,
отты қақпақ немесе өрт сөндіру жапқышы
сияқты нәрсемен бүркеңіз.
Пешті жұмыс беті немесе тіреуіш
ретінде пайдаланбаңыз. Барлық бөліктері
толығымен суымайынша, киімдеріңізді
немесе басқа жанатын заттарды құрылғыдан
аулақ ұстаңыз - өрт туу қаупі.
Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы)
құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі
бақылау болмаса, жас балаларды (3-
8 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек.
8 жас және одан үлкен жастағы балалар
және физикалық, сезімдік немесе рухани
мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек
басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану
нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана
алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс.
Егер қасында жетекшілік ететін ересек адам
болмаса, балалардың тазалау және жөндеу
жұмыстарын орындауына болмайды.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы және оның керек-
жарақтары пайдалану барысында ысып
кетеді. Қыздырғыш элементтерді қолмен
ұастаудан сақ болу керек. 8 жасқа толмаған
балаларды үнемі қадағаламаған кезде,
оларды құрылғыға жақындатуға болмайды
Тағамды құрғату барысында құралды
ешқашан назардан тыс қалдырмаңыз.
Құрылғы зонд пайдалану үшін қолайлы
болса, осы пеш үшін ұсынылатын зонд
температурасын ғана қолданыңы - өрт туу
қаупі.
Барлық бөліктері толығымен
суымайынша, киімдеріңізді немесе басқа
жанатын заттарды құрылғыдан аулақ
ұстаңыз - өрт туу қаупі. Майлы тағамдарды
пісірген немесе спиртті ішімдікті қосқан кезде
сақ болыңыз - өрт шығу қатері бар. Табалар
мен керек-жарақтарды алып шығу үшін пеш
қолғабын киіңіз. Тамақ пісіріп болған соң
қақпағын ашқан кезде абай болыңыз, пешті
ашпас бұрын жайлап буды немесе ыстық
ауаны шығарыңыз -күйіп қалу қатері бар.
Пештің алдындағы ыстық ауа саңылауларын
бітемеңі - өрт туу қаупі.
Есік ашық немесе төмен қалыпта тұрған
жағдайда, есікті соғып кетпеу үшін, абай
болыңыз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы
таймер немесе бөлек қашықтан басқару
құралы сияқты алмастыру қондырғысымен
пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және сол сияқты
қолданыстарда пайдаланылуға арналған,
мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс
орталарындағы қызметкерлерге арналған
асхана аумақтары;
шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің,
мотельдердің, шағын мейманханалардың
және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің
пайдалануы.
Басқа қолданыс түріне рұқсат етілмейді
(мысалы, бөлмелерді жылыту).
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта
пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны
сыртта пайдаланбаңыз.
Құрылғының ішінде немесе жанында
жарылғыш немесе тұтанғыш заттарды
(мысалы, бензин немесе бүріккіш сауыттар)
сақтауға болмайды - өрт шығу қатері бар.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы
және орнатуы керек - жарақат алу қатері.
Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап
киіңіз - қолыңызды кесіп алу қатері.
Орнатуды, соның ішінде сумен
жабдықтауды (егер болса) және
электр сымдарын жалғауды білікті
техник маман жүзеге асыруы керек.
Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе
ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы
нұсқаулығында солай деп жазылмаса.
Құрылғы орнатылатын жерге балаларды
жақындатпаңыз. Құрылғыны орамнан
шығарған соң, оның тасымалдау барысында
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Ақаулық
орын алса, дилерге немесе маңайдағы
тұтынушыға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Орнатылғаннан кейін
орауыштың қалдықтарын (пластик, көбікті
полистирол т.с.с.) балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтау керек - тұншығып
қалу қатері. Кез келген орнату жұмысының
алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату
қажет - электр тоғы соғу қатері. Орнату
барысында құрылғының қуат сымына нұқсан
келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз - өрт шығуы
немесе электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны
тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске
қосыңыз.
Орнату басталғанға дейін аспапты
полистирольді көбіктен жасалған тұғырынан
алмаңыз.
Бұл құрылғыны декоративті есіктің
артына орнатпаңыз өрт қаупі бар.
12

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

КАК ПОДКЛЮЧИТЬ
2 года назад

Ответы 1

Что делает панель управления?
1 год назад

Ответы 0

Значения рисунков дисплея?
2 года назад

Ответы 1

Есть ли провод в комплекте?
4 года назад