Motorola MOTO E5 Plus XT1924-1 Flash Gray [29/72] Батареяның қауіпсіздігі

Motorola MOTO E5 Plus XT1924-1 Flash Gray [29/72] Батареяның қауіпсіздігі
7
Батареяның қауіпсіздігі
Мобильді құрылғыны құрастырудың, зарядтаудың немесе бірінші
рет пайдаланудың алдында, өніммен бірге берілетін маңызды өнімнің
қауіпсіздік және құқықтық ақпаратын оқыңыз.
Егер мобильді құрылғы жауап бермей қалса, оны өшіріп, қосып көріңіз:
экран өшіп, құрылғы қайта іске қосылғанша қуат түймесін басып
тұрыңыз.
Қауіпсіздік үшін мобильді құрылғыдағы батареяны тек Motorola рұқсат
берген қызмет орталығы немесе тәуелсіз білікті маман шығарып алуы
тиіс. Батареяны өзіңіз шығарып алуға немесе алмастыруға тырыспаңыз,
бұл батареяны зақымдап, адам күйіп қалуы және жарақат алуы мүмкін.
Мобильді құрылғыны қыспаңыз, майыстырмаңыз немесе қыздырмаңыз,
не болмаса сұйықтыққа батырмаңыз. Бұл батареяны зақымдап, адам
күйіп қалуы және жарақат алуы мүмкін. Мобильді құрылғыңызды
микротолқынды пешпен, духовкамен немесе кептіргішпен құрғатпаңыз.
Жоғары дыбыс деңгейін пайдалану
бойынша ескертпе
Есту жүйесін зақымдап алмау үшін жоғары дыбыс деңгейінде
ұзақ уақыт тыңдамаңыз.
Утилизация және қайта өңдеу
Өз бөлігіңізді жасауға көмектесіңіз! Мобильді құрылғыларды
немесе электр керек-жарақтарын (мысалы, зарядтағыштар,
гарнитуралар немесе батареялар) тұрмыстық қоқыстармен
утилизацияламаңыз. Өнімнің қаптамасы мен өнімнің
нұсқаулықтары ұлттық жинау және қайта өңдеу талаптарына
сәйкес утилизациялануы қажет. Бекітілген ұлттық қайта өңдеу
схемалары және Motorola қайта өңдеу әрекеттері туралы мәліметтер
алу үшін мына мекенжайға өтіңіз: www.motorola.com/recycling.
Пайдалану
Бұл телефон көп деректерді пайдалануы мүмкін қолданбалар
мен қызметтерді қолдайды, сондықтан тарифтік жоспарыңыздың
талаптарыңызға сәйкестігін тексеріңіз. Мәліметтер алу үшін қызмет
провайдеріне хабарласыңыз. Кейбір қолданбалар мен мүмкіндіктер
барлық елдерде қолжетімді болмауы мүмкін.
Нормативтік ақпарат
Осы құрылғының нормативтік идентификаторын (мысалы, FCC
идентификаторын) көру үшін телефонда Настройки > Система >
Правовая информация бөліміне өтіңіз немесе
www.motorola.com/device-legal веб-сайтына кіріңіз.
Кепілдік
Бұл өнім Motorola компаниясының шектеулі кепілдігінде қамтылған.
Кепілдікті телефоннан көру үшін Настройки > Система > Правовая
информация > Гарантия бөліміне өтіңіз немесе
moto e5 plus_GSG_Russia_en-GB ru kk uk ro ka az_70119323A.indb 72018-02-22 15:54:28

Содержание

Похожие устройства

Скачать