Irit IR-07-2009 [4/4] Май электр радиаторы май электр радиаторы

Irit IR-07-2009 [4/4] Май электр радиаторы май электр радиаторы
Жалпы мəлімет
Май радиаторлары тұрмыстық жəне тұрмыстық емес бөлмелерді жылытуға
арналған.
Радиаторлар бөлмеде қажетті температураны автоматты түрде ұстау
термостатымен жəне қуатты сатылы реттеу жүйесімен жабдықталған.
Радиторлар доңғалақ тіреулерімен жиынтықталған.
Жылу желдеткішпен келесі түрлер жабдықталған: IR-03t, IR-07t. Жылу
желдеткішпен жабдықталған түрлердің қуаты 400Вт ұлғайтылған.
Радиатордың қуатын келесі кестеден анықтауға болады:
Қауіпсіздік шаралары
Радиаторды электр желіге тек жерге қосу контактісі бар розеткамен қосыңыз.
Қызмет көрсету, тасымалдау жəне оның маңында еден жуған кезде радиаторды
сөндіріңіз.
Радиаторды ылғал бөлмелерде пайдаланбаңыз.
Пайдаланған кезде радиатордың үстін жаппаңыз.
Сымды ыстық элементтер немесе салқындамаған радиаторға қоймаңыз.
Радиаторды тек тік қалпында пайдаланыңыз.
Радиторды су кірдік астына қоймаңыз.
Сымы зақымдалған радиаторды қоспаңыз.
Радиаторларды көлемі 4м3 аспайтын бөлмелерде пайдалануға болмайды.
Жылу желдеткіштің кіру жəне шығу тесігін қоқыстамаңыз жəне жаппаңыз
(IR-03T, IR-07T түрлері үшін).
Дене немесе ой қабілеті шектелген адамдарға немесе құрал қауіпсіздігіне жауапты
тұлғадан құралдың пайдалануы туралы нұсқау алмаса тəжірибесі мен білімі жоқ адамдарға
құрал пайдалануына рұқсат бермеңіз
Жұмысқа дайындау
Радиаторды жəне тіреулерді орамадан алып шығыңыз
Тасымалдағанда құрал зақымданбағанын жəне
сымның үзілмегенін тексеріңіз.
Радиаторды аударыңыз жəне оны жұмсақ
бетке қойыңыз.
Доңғалак тіреулерді шеткі секциялар арасына
суретке сəйкес орнатыңыз.
Құралды пайдалану
Сіздің электр желіңіз құралдың техникалық сипаттамасына сəйкес екенін,
сондай-ақ электр желі мен розетка күшке төзе алатындығын тексеріңіз.
Ажыратқышты сөндіру қалпына орнатыңыз.
Термостат тұтқасын сағат тіліне қарсы шеткі қалыпқа орнатыңыз.
Айырды розткаға қосыңыз. Жылу реттегіш тұтқаны сағат тілі бойынша соңына
дейінгі қалыпқа бұрыңыз.
Радиаторды ажыратқыштың көмегімен қосыңыз.
Назар аударыңыз: Радиатор жұмыс жасағанда бүл ететін дыбыстың пайда
болуы құралдың істен шығу белгісі емес.
Назар аударыңыз: Сіздің радиаторыңызда жылу желдеткіш болғанда, оны
пайдаланыңыз. Бұл бөлменің бастапқы жылытуын жеңілдетеді.
Жылу желдеткішті қосу үшін радиатордың алдыңғы бетінде орналасқан осы
режімге сəйкес тетікті басыңыз.
Назар аударыңыз: Бірінші рет қосқанда «жаңа бұйымның» иісі шығуы мүмкін.
Құралды максималды қуат режіміне қосыңыз жəне 2 сағатқа қалдырыңыз,
содан кейін бөлмені желдетіңіз.
Температураны реттеу
Бөлмеде температура қажетті көрсеткішке жеткенде, термостат тұтқасын сағат
тіліне қарсы бақылау шамы сөнгенге дейін бұру керек.
Осылайша термостат тұтқасының орнатылған қалпы бөлмедегі ауа
температурасына сəйкес болады, бұл автоматты түрде сақталып тұрады.
Радиаторды желіден сөндіру үшін ажыратқышты сөндіру қалпына орнатыңыз,
термостат тұтқасын соңғы сол қалыпқа орнатыңыз жəне сым айырын
розеткадан алыңыз.
Назар аударыңыз: Қосылып тұрған радиаторды ешқашақ қалдырмаңыз!
Тазалау жəне техникалық қызмет
Май радиаторы арнаулы күтімді қажет етпейді. Одан шаңды жұмсақ матамен
сүртсеңіз болды.
Құралды тек салқындағаннан кейін ғана тазалаңыз.
Тазалаған кезде абразивті ұнтақ жəне ерітінділер қолдануға тыйым салынады.
Қажет болса, секциялар арасындағы шаңды шаңсорғышпен тазалаңыз.
Тұрқыны ашуды қажет ететін жөндеу тек мамандандырылған қызмет орталығында
жүзеге асырыла алады.
Қажет болса, радиаторды қосу үшін 16А кем емес тоққа арналған ұзартқышты
пайдаланыңыз.
Қараусыз қалдырмаңыз!
Жеткізушінің сатып алушының келісімінсіз тауардың сыртқы түрін немесе
жиынтығын өзгертуге құқығы бар.
Құрал тек тұрмыстық мақсатта пайдалануға арналған.
Техникалық сипаттама
Жұмыс кернеулігі: 220В/50Гц
Қызмет мерзімі: 2 жыл.
6
7
май электр радиаторы
май электр радиаторы
Size without wheel
Fins
188*150*580mm
480*150*580mm
520*150*580mm
5
6
7
9
11
12
480*240*625mm
Size with wheel
188*240*625mm
520*240*625mm
224x150x580mm
260x150x580mm
332x150x580mm
224*245*620mm
260*245*620mm
332*245*620mm

Похожие устройства