Polaris PTO 0835GLC [28/35] Құрылғыны тазарту және оған күтім көрсету шарттары

Polaris PTO 0835GLC [28/35] Құрылғыны тазарту және оған күтім көрсету шарттары
27
Құрылғы толық суыған соң оны тазартыңыз, тазарту барысында «Құрылғыны тазарту және оған күтім көрсету шарттары» 6 тарауында сипатталған
нұсқауларын басшылыққа ала отырып, осы нұсқаулық бойынша қарастырылған барлық ережелерін қолданыңыз.
36. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
Құрылғыны тазартпас бұрын, оның электрлік желілік баусымы ток көзінен ажыралып тұрғандығына және ол толық суығанына көз жеткізіңіз.
Тағам әзірлеп болғаннан кейін құрылғыны алдын ала тазалап алған жөн, оны тазартпас бұрын әлектрлік пеш құрылғыны, оның ішкі камерасын
әркез тағам қалдықтарынан және өзге де ластанулардан сүртіп тазартыңыз.
Тағам қалдықтары қатып, жабысып қалмас үшін тазарту үдерісін ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Құрылғыны суға және өзге де сұйықтықтарға батырып
салмаңыз. Құрылғының электрмен қоректендіретін электр жалғауына, пештің электр баусымына және оның ашасына, яғни оның барлық электрлі
байланыстарға судың тиіп кетпеуін үнемі қадағалаңыз.
Құрылғының барлық бөлшектерін және керек-жарақтарын сабынды жылы сумен жуыңыз, жуу барысында агрессивті және абразивті заттары бар
жуғыш құрылғыларды пайдаланбаңыз. Содан кейін құрылғының барлық бөлшектерін және керек-жарақтарын әбден құрғатып сүртіңіз.
Өнім қалдықтары мен май дақтарын кетіру үшін электрлі пештің ішкі және сыртқы қабаттарын ылғалды шүберекпен сүртіп шығыңыз, суға аз ғана
мөлшерде абразивті емес жүмсақ жуу құралын қосыңыз. Содан кейін жуу құралын пайдаланбай пештің ішкі және сыртқы қабаттарын таза, ылғалды
матамен сүртіп шығыңыз да, содан соң құрғақ матамен сүртіп құрғатыңыз.
Судың құрылғыдағы ауа жүретін желдеткіш саңылауларға тимеуін қадағалаңыз, әйтпесе құрылғы істен шығуы мүмкін.
Тазарту барысында құрылғының ластанған жерлерін, кір бөліктерін тазарту үшін метал сымы бар қылшақтарды және абразивті заттары бар жуғыш
құрылғыларды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ, сонымен қатар құрылғының сыртын және оның бөлшектерінің сыртқы қабатын зақымдай алатын қатты жөкені
пайдалануға ТЫЙЫМ салынады.
Электрлі пешті әрбір пайдаланған сайын осы тазарту үдерісін қайталап орындаңыз.
37. ҚҰРЫЛҒЫНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Электрлі құрылғыларды тасымалданатын нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау және жүк тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз
ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды.
Құрылғыны тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық орама мен қаптама қорабын пайдаланыңыз.
Құрылғыларды тасымалдау барысында оларды тікелей механикалық бүлінулерден, қызудан, оған тіке күн сәулесінің, атмосфералық жауын-
шашындардың түсуінен, ылғал мен агрессивті жемірлі орталар әсер етуінен қорғау шарттары қамтамасыз етілуі керек, сондай-ақ, құрылғылардың
бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмау үшін жоғарыда аталған әсерлердің кездейсоқ тигізу мүмкіндігін болдырмауы керек.
Электрлі құрылғылар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, және салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды,
сондай-ақ, электрлі құралдар материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда
сақталуы тиіс.
38. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және салалық нормативті құжаттары бойынша көзделген
қолданыстағы ережелер мен нормаларға сәйкес, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен залалсыздандыру бойынша

Содержание

Скачать