Polaris PTO 0835GLC Инструкция по эксплуатации онлайн [31/35] 451052

30
жақ бөліктерінен 10 см бос орын қалдыру қажет. Электрлі пеш жиһаз, перде және сол секілді тез тұтанғыш заттардан кем дегенде 20см
қашықтықта болуын қамтамасыз етілуі керек.
Электрлі пешті тек қана тағамдық өнімдерді пісіріп, ас дайындау үшін қолданыңыз. Оны жылу көзі ретінде қолданбаңыз, қағаз, мата және өзге
заттарды құралдың ішінде құрғатпаңыз.
Құрылғыны электр ток көзіне қоспас бұрын, электр желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Қоректендіру сымының үстелден салбырап тұруына жол бермеңіз, әйтпесе құрал аударылып құлауы мүмкін.
Электрлі пеш құрылғы электр желіге тікелей жалғасып тұрған сәтте оны көтеруге/жылжытып, орнын ауыстыруға тыйым салынады.
Тост тағамды дайындаған кезде әзірлеу үдерісін қадағалап тұрыңыз, себебі әзірлеу барысында нанның күйіп қалу қауіпі бар.
Электрлі пешке арналған ыдысты ғана қолданыңыз.
Жұмыс барысында құрылғыны сүлгімен немесе өзге заттармен жаппаңыз, оның ауа алмасатын желдеткіш саңылауларын да бітемеңіз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын, оны құрғақ әрі тегіс, берік, жылуға төзімді қабатта орналастырыңыз. Құрылғыны пайдалану барысында оның ауа
алмасатын желдеткіш саңылауларын бөгде заттармен, дастарханмен, матадан жасалған төсемдермен немесе өзге де заттармен жабылмауын
қадағалаңыз, бұл құрылғының қатты қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
Электрлі пешті су маңында және ылғалдылығы жоғары бөлмеде, сонымен қатар жылу көздері маңайында(газ немесе электрлі плиталарының қасында),
сондай-ақ, оны өрт қауіптілігі бар өртенгіш, тез тұтанатын заттардың жанында пайдаланбаңыз.
Күйіп қалмау үшін жұмыс істеп тұрған электрлі пештің есікшесіне және оның сыртқы қабатына қолыңызды тигізбеңіз. Құрылғы жұмыс істеп
тұрғанда оның Реттегіш тетіктеріне ғана қол тигізуге болады, құрылғының Реттегіш тетіктерін қолданып, әзірлеу үдерісін басқарыңыз. Қажет болса
жылуға төзімді қолғапты (құрылғының жеткізілім жиынтықтылығына кірмейді) қолданыңыз. Құрылғыны пайдаланып болған соң, ол суығанша
күте тұрыңыз.
Электрлі пештің ішінде тамақты немесе тағамдық өнімдерді ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Тағамдық өнімдерді құрылғының қыздыру элементтеріне салмаңыз, ол үшін жайпақ қаңылтыр табаны немесе арнайы тағамдық өнімдерді салуға
арналған торды қолданыңыз.
Электрлі пешке тағамдық өнімдерді ыдысқа жабылған күйінде қоймаңыз, яғни тағамдық өнімдер салынған ыдыстарды, егер олар ауа
кірмейтіндей етіп, герметикалық түрде (нығыздалып) жабылған болса электрлі пешке орнатып қоюға болмайды.
Электрлі пеште майды қыздыруға немесе жылытуға тыйым салынады, әйтпесе өрттің шығуы мүмкін.
Электрлі пеште жылтыр қағазды немесе пісіруге арналған өзге ылғал мен майды өткізбейтін қағазды қолданып, асты әзірлеуге мүлдем
болмайды, алайда бұл пісірмеге арналған пергамент қағазы төселген қалыпта бәлішті ғана әзірлеп дайындауға болады. Тағамдық өнімдерді
әзірлеп дайындау үшін қағаз қалыптарды пайдалануға тыйым салынады.
Электрлі пештің ішкі қабатының ластанбауы үшін көкөністер мен жемістерді қыздырып пісірмес бұрын, олардың қатты не қалың қабықтарын
пышақ немесе шаңышқымен шаншып тескілеп шығыңыз.

Содержание

Скачать