Polaris PMG 2060A [26/33] Қондырмаларды пайдалану

Polaris PMG 2060A [26/33] Қондырмаларды пайдалану
26
9. Құрал жұмыс жасауды аяқтағаннан кейін оны «Іске қосу/Сөндіру» (ON) батырмасына (13)
басу арқылы сөндіріңіз және электр желісінен ажыратыңыз.
Назар аударыңыз!
Құралдың үздіксіз жұмыс жасау уақыты 10 минуттан аспауы қажет. Әрбір 10 минуттан
кейін электр қозғалтқышының сууы үшін 10 минут үзіліс жасау қажет.
Назар аударыңыз!
Егер еттартқыш жұмыс жасамаса, оның желіге дұрыс қосылғандығын тексеріңіз.
Егер еттартқыштың ішінде ет тұрып қалса
1. Егер жұмыс барысында құралдың ішінде ет тұрып қалса, оны тез арада сөндіріңіз, электр
желісінен ажыратпай «REV» («Реверс»)» батырмасына басу арқылы өнімді кері шығару
функциясын қосыңыз.
Назар аударыңыз!
керу шығару функциясын қоспас бұрын мотордың толық тоқтауын күтіңіз.
Құралдың жұмысы барысында РЕВЕРС функциясын қосу қатты шудың шығуына,
дірілдің пайда болуына және құралдың ішінде электрлік ұшқындардың орын алуына
алып келуі мүмкін.
2. Бұранда кері бағытта айналады, ол бұл арқылы еттартқыштың жұмысын қиындататын
сіңірлерден тазарады. Тұрып қалған еттен арылу жұмысы аяқталғаннан кейін етті тарту
үдерісін жалғастыруға болады.
3. Егер бұл функция көмектеспейтін болса, құралды желіден ажыратыңыз, оның жұмыс
блогын бөлшектеңіз де, қолмен тазартыңыз.
Назар аударыңыз!
Еттің тұрып қалмауы үшін құралды өніммен толтырмаңыз.
4. Құрал механизмінің қажалуын болдырмау үшін итеру құрылғысына шамадам көп күш
салмаңыз.
Қондырмаларды пайдалану
«Кеббе» қондырмасы
Кеббе қуырылған ет шұжықтары, бұл араб елінің дәстүрлі тағамы, бұл тағамды әзірлеу үшін
етті еттарқыштан өткізіп алыңыз, содан кейін құралға арнайы қондырмаларды орнатып,
тартылған етті тағы да еттартқышқа салып өткізіңіз, іші бос түтік
тәрізді шұжықтай домалақ ет қабықшасы шығады, олардың ішіне
дайындалған ет салындысын салып, шужықтарды жасап алыңыз да,
куырыңыз.
Ет салындысына арналған ингредиенттер:
қой еті – 100 гр,
зәйтүн май – 1,5 ас қасық,
майдалап туралған пияз – 1,5 ас қасық,
ұн- 1,5 ас қасық, тұз және қара бұрыш дәміне қарай өз қалауыңыз
бойынша қосыңыз
Етті еттартқыштан 1рет немесе 2 рет өткізіп алыңыз.
Майдалап туралған пиязды қуырып алыңыз, содан оны
еттартқыштан өткізіліп, тартылған етке қосыңыз, содан ұн мен тұз
және қара бұрыш қосыңыз да, бәрін жақсылап араластырыңыз.
Ет қабықшасына арналған ингредиенттер: майсыз ет 450 гр, ұн-
150-200 гр, ұсақталған жұпар жаңғақ 1 дана, тұз, қара бұрыш,
дәмдеуіштерді – дәміне қарай өз қалауыңыз бойынша қосыңыз.

Содержание

Скачать