Samsung BF1N3T022 [27/36] Іске қосу кезіндегі сақтық шаралары

Samsung BF1N3T022 [27/36] Іске қосу кезіндегі сақтық шаралары


 Бұл пеш тек үйде тағам пісіруге ғана арналып жасалған.
 Пеш іске қосылып тұрғанда, оның ішкі беті күйгізіп жіберерліктей ысып тұрады. Пештің
қыздырғыш элементтеріне немесе ішкі бетіне салқындағанша қол тигізуге болмайды.
 Пештің ішіне ешқашан тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды.
 Құрылғы ұзақ уақыт жоғары температурада жұмыс істеген кезде, оның беті қызып
тұрады.
 Тағам пісіру барысында есікті абайлап ашыңыз, себебі ыстық ауа және бу кенет шығып
кетуі мүмкін.
 Құрамына алкоголь қосылған тағамды пісірген кезде, алкоголь жоғары температурада
буланып ұшып, егер пештің ыстық бөлшегіне тисе өрт шығуы мүмкін.
 Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен
тазалайтын құралдарды қолданбаңыз.
 Пеш іске қосылып тұрған кезде, балаларды қауіпсіз жерде алыс ұстау керек.
 Пицца тәрізді мұздатылған тағамды үлкен торға салып пісіру керек. Егер пісіру науасын
қолдансаңыз, температураның айырмашылығының тым көп болғандығына байланысты
деформацияланып қалуы мүмкін.
 Ыстық тұрған пештің табанына су құймаңыз. Себебі эмаль қаптама бүлінуі мүмкін.
 Тағам пісіру барысында пештің есігі жабық тұруға тиіс.
 Пештің табанын алюминий фольгамен қаптамаңыз және оған пісіру науасын немесе
қалбырын қоюға болмайды. Алюминий фольга қызудың шығуына бөгет жасап,
нәтижесінде эмаль қаптама бүлінуі және тағам дұрыс піспей қалуы мүмкін.
 Жеміс шырыны пештің эмаль қаптамасына кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін. Өте сұйық
қоспадан жасалған тортты пісіру үшін терең табаны қолданыңыз.
 Пештің ашық тұрған есігінің үстіне тағам пісіретін ыдыстарды қоймаңыз.
 Жас балалар мен әлсіз адамдар, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адам қадағалап,
құрылғыны дұрыс қолданып отырғанына көз жеткізсе ғана осы құрылғыны іске қосып,
пайдалануына болады.
 Кішкене балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
 Құрылғыны тағам пісіріп болсаңыз да электр тоғынан ажыратпаңыз.


 Осы құрылғыны орау үшін қолданылған материалдарды қайта өңдеуге болады.
 Орам материалдарын жергілікті қоқыс жинауға арналған жәшіктерге тиісінше салып
тастау керек.

: Ескі құрылғыларды тастарда, қатерлі жағдай туғызуға себеп болмас үшін
мүлдем жарамсыз етіп тастау керек.


Қоршаған ортаны қорғау үшін, ескі құрылғыларды тиісті түрде тастаудың маңызы зор.
 Құрылғыны тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға болмайды.
 Ескі құрылғыны жинайтын уақыт пен тасталған құрылғыларды апаратын қоқыс алаңы
туралы ақпаратты, соған жауапты жергілікті мекемеден немесе әкімшіліктен біле
аласыз.

BF1N3T134_BWT-00382P_KZ.indd 3 2011-06-24  3:53:49

Содержание