Redmond RM-2004 [20/24] I пайдалана бастау алдында

Redmond RM-2004 [20/24] I пайдалана бастау алдында
20
8. Шкаласымен қуатты реттегіш
9. Дайындау уақытының шкаласы
10. Дайындау уақытын / өнімнің салмағын реттегіш
11. Өнім салмағаның шкаласы
12. Грильге арналған тор
13. Электр энергиясы үшін шнур
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау материал-
дары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында кем
дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Электр бауды толық жайыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Шешілмелі бөл-
шектерді сабынды сумен жуыңыз, аспаптың барлық элементтерін электр желіге қосарал-
дында мұқият кептіріңіз. Әзірлеудің алдында құрылғы сыртқы және көзге көрінетін ішкі
бөліктерінде зақым, жарық және басқа ақау жоқтығына көз жеткізіңіз. Аспапты жинаңыз
және
A2
схемасының ұсыныстарына сәйкес оны тегіс қатты құрғақ горизонталь қабатқа
орнатыңыз (4 бет). Микротолқынды пештің аяқтарын алмаңыздар.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жалпы ұсыныстар
Дайындау және жылыту кезінде әрдайым шыны ыдысты және роликтік дөңгелекті
пайдаланыңыз.
Азық-түліктерді тек шыны ыдысқа ғана салыңыз. Шыны ыдыс пен дөңгелектің басқа
бөгде заттармен блокталмауын қадағалап отырыңыз.
Тамақты дайындаған кезде немесе азық-түліктерді жылытқан кезде минималдық
уақытты орнатып отырыңыз, керек болған жағдайда оны аздап арттырып отыра-
сыз.
Шашырауды болдырмас үшін және тамақ қалдықтарының микротолқынды пештің
корпусына түсуін болдырмас үшін, азық-түліктердің бетін жауап отырыңыз.
Дайындау кезінде тағамдарды бұрып және араластырып отырыңыз. Дайындау уақы-
тын қысқарту үшін ірі тағамдарды кесіп отырыңыз. Жылыту кезінде тамақты арала-
стырып отырыңыз, себебі жылыту кезінде тамақтың жаны ортасына қарағанда тезірек
жылыйды. Тағамдарды ыдысқа бір қабат қылып салыңыздар, үлкен кесектерді жанда-
рына, ал ұсақ кесектерді- ортасына салыңыздар.
Балалар тамағы бар банкалар мен тамақтандыруға арналған балалардың бөтелкелерін
араластырып отырыңыз. Күйіп қалуды болдырмас үшін, тамақтандырар алдында
міндетті түрде қоспаның температурасын тексеріңіз!
Микротолқынды пеште қабығы бар немесе қалың қабатты өнімдерді жылытпаңыздар
(жұмыртқа, картоп, алма, сосиска, тұтас асқабақ, бауыр сияқты), себебі олар микро-
толқынды пеш жылытып болған соң да жарылуы мүмкін. Мұндай тағамдарды дайын-
дар алдында тесіп алған дұрыс болады.
Ыстық өнімдермен жұмыс жасағанда абай болыңыздар. Жылытқаннан кейін микро-
толқынды пештен ыдысты алып шығу үшін асүйге арналған қолғаптарды пайдала-
ныңыздар.
Вентиляциялық саңылаулар әрдайым ашық кеңістікте екендігіне назар салып отырыңыз.
Олай болмаған жағдайда аспаптың қызып кетуі, оның зақымдануы немесе жұмыс
қатарынан шығып қалуы мүмкін. Қысқа тұйықталуларды болдырмас мақсатында
микротолқынды пештің вентиляциялық саңылауына судың түсуіне жол бермеңіз.
Микротолқынды пеште дайындауға жарамды материалдар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Микротолқынды пеште дайындауға және жылытуға арналған
ыдысты ғана пайдаланыңыздар.
Микротолқынды пешке арналған фоль-
га
Азық-түліктердің жеке түрлерін дайындауға арналған. Фольганың микро-
толқынды пештің ішкі камера қабырғаларымен жанасуына жолбермеңіз,
кем дегенде 2 см қашықтық ұстаңыз
Асүй ыдысы
Егер бұл өндірушімен келісілген болса, микротолқынды пеште тағамды
дайындауға арналған. Жарықтары немесе ақаулары бар, сонымен қатар
жазбасымен ыдыстарды пайдаланбаңыздар
Фаянс/фарфор
Алтын немесе күміс шаңдатуымен, сонымен қатар безендіргіш металл эле-
менттерімен ыдыстан басқа, микротолқынды пеште тағамдарды дайында-
уға арналған
Шыны ыдыс
Егер ол ыстыққа төзімді шыныдан жасалған жағдайда ғана, микротолқын-
ды пеште тамақ дайындауға арналған. Фигуралық шыныдан жасалған
ыдысты пайдаланбаңыздар, себебі ол жоғары температурада жарылып
кетуі мүмкін
Термотұрақты пластик
Микротолқынды пеште тамақ дайындауға арналған. Майдың және қанттың
жоғары қоспасымен тағамды дайындау немесе жылыту үшін термотұрақты
пластиктен жасалған ыдысты пайдаланбаңыз. Тығыз жабылатын контейнер-
лерді пайдаланбаңыздар
Арнайы қаптама (қағаз, пластик, тер-
мостұрақты полиэтилен пакеттер)
Егер бұл өндірушімен келісілген болса, микротолқынды пеште тағамды
дайындауға арналған
Микротолқынды пеште дайындауға жарамсыз материалдар
Металл ыдыс (алюмин, тот баспайтын
болат және т.б.), тағамдық фольга
Ыдыс ұшқын шашуы мүмкін
Металл шаңдатылуымен ыдыс

Содержание

Скачать