Indesit K1E1/R [37/44] Орнату

Indesit KN1E1/UA [37/44] Орнату
KZ
37
! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса,
біреуге берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулар
онымен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз.
! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі
бар маман орнатуға тиіс.
! Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету
қажет болса, оны құрылғыны токтан ажыратқаннан
кейін орындау керек.
Орналастыру және түзулеу
! Құрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын
шкафтардың қасына орнатуға болады.
! Құрылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға
жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (T 90°C)
жасалғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны дұрыс орнату үшін:
Оны ас үйге, залға немесе тұрғын үйге қойыңыз
(ваннаға қоймаңыз).
Плита шкафтардан биік болса, құрылғыны олардан
кем дегенде 200 мм қашық орнату қажет.
Плита қабырғаға ілінетін
шкафтың астына орнатылса,
осы шкаф пен плита үстінің
арасында кем дегенде 420
мм аралық болуы тиіс.
Қабырғаға ілінетін шкафтар
жанғыш материалдан
жасалған болса, бұл
аралықты 700 мм-ге дейін
жеткізу керек (суретті
қараңыз).
Плита артына немесе оның шеттеріне 200 мм-ден
жақын жерге перде ілмеңіз.
Қалқалар қатысты пайдалану нұсқаулығындағы
нұсқауларға сәйкес орнатылуы тиіс.
Түзулеу
Құрылғыны түзулеу қажет
болса, плита түбінің әрбір
бұрышындағы орындарына
реттелетін аяқтарын* бұраңыз
(суретті қараңыз).
Құрылғымен бірге берілетін
аяқтар* плита түбінің астынғы
жағындағы тесіктерге кигізіледі.
Токқа жалғау
Электр кабелін орнату
Кабель төмендегі жалғау сызбасына сәйкес
қолданылатын электр қосылым түріне сай болуы тиіс.
Электр кабелін дұрыс орнату үшін:
1. Контактілер
тақтасындағы «V»
бұрандасын босатып,
қақпағын ашу үшін оны
тартыңыз (суретті
қараңыз).
2. «А» қосылым
тірегін (суретті
қараңыз) жоғарыда
көрсетілген жалғау
сызбасына сәйкес
орналастырыңыз.
Контактілер тақтасы
бір фазалық 230 В
қосылымына арналған:
1, 2 және 3 контактілері
бір-біріне қосылады; 4-5 жалғастырғышы контактілер
тақтасының төменгі аумағында орналасқан.
3. «N» және
сымдарын сызбаға (суретті
қараңыз) сәйкес орналастырып, контактілер
тақтасының бұрандаларын мүмкін болғанша мықтап
қатайту арқылы қосылымды жасаңыз.
4. Қалған сымдарды 1-2-3 контактілеріне
орналастырып, бұрандаларды қатайтыңыз.
Орнату
1 2
3
4
5
12345
1
2
3
4
5
R
S
T
N
R
S
N
R
N
400V 3N~
H05RR-F 5x2.5 CEI-UNEL 35363
H05VV-F 5x2.5 CEI-UNEL 35746
400V 2N~
H05RR-F 4x4 CEI-UNEL 35363
H05VV-F 4x4 CEI-UNEL 35746
230V 1N~
H05RR-F 3x4 CEI-UNEL 35363
H05VV-F 3x4 CEI-UNEL 35746
V
1
2
3
N
A
B

Содержание

Скачать