Kolner KGG 11/70 [2/2] Техникалық сипаттамалары

Kolner KGG 11/70 [2/2] Техникалық сипаттамалары
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Желі кернеуі / Жиілік
Тұтынылатын қуат
Желімдік өзектердің диаметрлері
Қызу уақыты
Желілік кабелдің ұзындығы
Қызметтік мерзімі
Салмағы
220 В ± 10 % / 50 Гц
70 Вт
11 мм
1,5 мин
1,5 м
3 жыл
0,2 кг
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кез келген амалдарды орындаудың алдында желімдеу тапаншасының сөндірілгендігіне және қуат беруші желіден
ажыратылғандығына көз жеткізіп алыңыз.
ЖЕЛІМДІК ӨЗЕКТІ ОРНАТУ
1. Желімдік өзекті желімдеу тапаншасының сыртжағында орналасқан саңылау (5) арқылы қабылдағышқа (4) тірелгенше дейін қойыңыз.
2. Көп күш түсірмей желімдік өзекті қыздырғыш элементке итеру үшін шүріппені (1) басыңыз.
3. Пайдалану аяқталғаннан кейін желімдік өзектің қалған бөлігін тапаншаның ішінде қалдыруға болады.
ПАЙДАЛАНУ: KGG 11/60М желімдеу тапаншасын тұрмыстық мұқтаждықтар аясында ыстық ерімтал желімнің көмегімен таза, құрғақ және
майсыздандырылған беттерді желімдеу үшін қолданылады.
ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ СӨНДІРУ
1. Электр құралын қуат беруші желіге қосудың алдында желі параметрлерінің 220 В ± 10 / 50 Гц сәйкес екендіктеріне көз жеткізіп алыңыз.
2. Желілік кабелдің (8) істікшесін желіге қосыңыз.
3. Ажыратқышты (7) жоғарғы күйге ауыстырыңыз.
4. Электр құралын сөндіру үшін желілік кабелдің істікшесін желіден ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: қызу режимін орнату үшін ауыстырғышты төменгі күйге орнатыңыз.
ЖЕЛІМДЕУ ПРОЦЕСІН ДАЙЫНДАУ: Желімделуші беттер таза, құрғақ және майсыздандырылған болулары керек. Тегіс беттерге кедір-бұдырлық
беру қажет болады.
ЕСКЕРТУ: Беттерді тазалау мақсатында тез тұтанатын ерітінділерді қолдануға рұқсат етілмейді! Қоршаған ортаның температурасы мен
желімделуші беттердің температурасы +5°С-тан төмен және +50°С-тан жоғары болмауы керек. Тез суыйтын материалдарды, мәселен, болатты,
желімделуін жақсарту үшін алдын-ала қыздырып алу ұсынылады.
ЖЕЛІМДЕУ
1. Тіректі (2) жылжытыңыз және желімдеу тапаншасын тегіс бетке орнатыңыз.
2. Қажет болған жағдайда желімдік өзекті орнатыңыз.
3. Электр құралын іске қосыңыз және шүмек (3) қызғанша дейін (шамамен 1,5 мин.) тоса тұрыңыз.
4. Желімді шүмек арқылы беру үшін шүріппені (1) басыңыз. Желімді сызықтармен немесе нүктелермен жағу ұсынылады.
5. Желімдік құрамды жаққаннан кейін бірден желімделуші беттерді қосыңыз.
6. Желімделген беттерді/заттарды қолданудың алдында желімнің суынуын тосыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Желімдеу тапаншасын бірінші рет қолдану кезінде, Сізге желімнің шүмектен берілуі басталғанша дейін екі желімдік
өзектерге дейін қолдануға тура келуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Желімдеу тапаншасынан өзектің қолданылмаған бөлігін алып тастауға тырыспаңыз. Қажет болған жағдайда бір желімдік өзекті
басқасына ауыстырыңыз, шүріппеге басу арқылы балқытқыш камераны босатыңыз, содан кейін Сізге қажетті өзекті орнатыңыз.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Желімдеу тапаншасына техқызметкөрсету бойынша жұмыстарды жүргізудің алдында әрқашан желілік кабелді электр
желісінен ажыратып отырыңыз.
1. Желімдеу тапаншасын +5°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан
аспайтын, балаларға қолжетімді емес жерлерде сақтау қажет.
2. Желімдеу тапаншасы арнайы қызмет көрсетуді қажет етпейді, бірақ оның корпусы мен жұмыс орнын тазалықта ұстау қажет. Тапаншаны
дымқыл матамен аздап сүрту керек. Әлсіз сабын ерітіндісін қолдануға рұқсат етіледі. Желімдеу тапаншасының ішіне сұйықтықтардың түсіп кетуін
болдырмаңыз. Тазалаудан кейін желімдеу тапаншасын құрғақ матамен сүртіңіз.
3. Желімнің қалдықтарын тек тапанша толық суығаннан кейін ғана кетіру ұсыныылады.
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Пайдалануға жарамсыз бұйымды кәдеге жарату кезінде қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін барлық шаралар¬ды қолданыңыз. Бұйымды өз
бетіңізбен кәдеге жаратуға тырысу жөн болмайды. Арнайы қызметке жүгіну ұсынылады.
ҚЫЗМЕТ МЕРЗІМІ
Бұл өнім барлық талаптарын сақтаған кезде, осы пайдаланушы нұсқаулығын тиіс атқара кемінде 3 жыл болуы тиіс. Өндіруші-Фирма құқығын өзіне
қалдырады конструкциясына және жинақтауды керек емес нашарлататын пайдалану тауар сапасы.
2
1
7
4
8
6
3
5
ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕР
1. Желім беруші шүріппе
2. Тірек
3. Шүмек
4. Желімдік өзектердің қабылдағышы
5. Желімдік өзектерді орнатуға арналған саңылау
6. Тұтқа
7. Ажыратқыш индикаторы
8. Желілік кабель
ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
1. Пайдалану бойынша басшылық
2. Желім тапанша
3. Желімдік өзектер (2 дана)
4. Тұғыр
КЕПІЛДІК ШАРТТАР
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымды сатып алу кезінде жиынтықтылығын және дұрыстығын тексеруді, сонымен қатар кепілдік талонының дұрыс
толтырылуын талап етіңіз.
1. Кепілдік міндеттемелер сатып алынған күні, сериялық нөмірі, сауда ұйымының мөрі (мөртабаны), сатушының қолтаңбасы көрсетілген кепілдік
талоны дұрыс толтырылған кезде ғана жүзеге асырылады. Сізде дұрыс толтырылған кепілдік талоны болмаған жағдайда біз Сіздің аталған
ұйымның сапасы бойынша шағымыңызды қабылдамауға мәжбүр боламыз.
2. Түсінбеушіліктерге жол бермеу үшін бұйыммен жұмыс жасауды бастамастан бұрын Сізден пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып
шығуды өтінеміз.
3. Сіздің назарыңызды бұйымның тек тұрмыстық тағайындалуға ғана арналғандығына аударамыз.
4. Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасы аталған кепілдік шарттардың құқықтың негіздемесі болып табылады, атап айтқанда,
«Тұтынушылардың құқығын қорғау» Федералды заңының соңғы редакциясы және Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі.
5. Бұйымға кепілдік пайдалану мерзімі 12 айды құрайды. Бұл мерзім бөлшектік желі арқылы сатылғаннан күнінен бастап есептеледі.
6. Біздің кепілдік міндеттемелер тек кепілдік мерзімнің ішінде анықталған ақаулықтарға және дайындаушы-кәсіпорынның кінәсі бойынша жол
берілген өндірістік, технологиялық және құрылымдық ақауларға ғана таралады.
7. Кепілдік міндеттемелер келесілерге таралмайды:
7.1. Бұйымда келесідей жағдайлардың нәтижесінде пайда болған ақаулықтарға:
- қолданушы арқылы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы нұсқамалардың сақталмауы;
- сыртқы және кез келген басқа да әсерлер арқылы шақырылған механикалық бүлінулер;
- бұйымды тағайындалу бойынша қолданбау;
- жаңбыр, қар, жоғары ылғалдылық, қызу, агрессивтік орталар, қуат беруші электр желілері параметрлерінің пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
талаптарына сәйкес болмауы секілді жағымсыз атмосфералық және сыртқы әсерлер;
- өндіруші арқылы ұсынылмаған немесе мақұлданбаған керек-жарақтарды, шығын материалдары мен қосалқы бөлшектерді қолдану;
- бұйымның ішіне бөтен заттардың түсіп кетуі немесе желдетуші саңылаулардың көп мөлшердегі шаң, лай және т.б. секілді қалдықтардан бітеліп
қалуы.
7.2. Уәкілетті емес тұлға арқылы ашылған, жөнделген немесе түрлендірілген бұйымға.
7.3. Бұйымда лайықсыз пайдаланудың немесе сақтаудың салдарынан пайда болған ақаулықтарға:
- бұйымның металл элементтерінде тоттардың болуы;
- коллекторда қышқыл тотықтардың болуы;
- желелік кабельдің үзілуі мен тілінуі;
корпустың.
7.4. Электрлі қозғалтқыштың немесе басқа тораптар мен бөлшектердің істен шығуларына әкеліп соқтыратын бұйымның асқын жүктелуінің
нәтижелерінде пайда болған ақаулықтарға.
Асқын жүктелудің сөзсіз белгілеріне жататындар:
- бұйымның бөлшектері мен тораптарының деформациялануы мен балқуы;
- сымдар оқшаулағыштарды қарауы немесе күюі.
7.5. Мерзімдік ауыстырылып отыруға тиісті тораптарға, шығын материалдарына, ауыстырмалы бөлшектерге
7.6.Оқылатын сериялық нөмірі жоқ бұйымға.
Сіздің назарыңызды бұйымды сервистік орталыққа және одан жеткізудің соңғы тұтынушы (иегері) арқылы немесе оның қаражатының есебінен
жүзеге асырылатындығына аудартамыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымды сатып алу кезінде жиынтықтылығы мен дұрыстығын тексеруді, сонымен қатар кепілдік талонның дұрыс тол-
тырылуын талап етіңіз. Авторландырылған сервистік орталықтарда ауыстырылған бөлшектер мен тораптарға 3 ай кепілдік беріледі. Құралға
кепілдік жағдайды орнату бойынша техникалық куәландыру тек авторландырылған сервистік орталықта ғана жүргізіледі.
Дайындаушы-фирма сатып алушылардың назарын бұйымды жеке мұқтаждықтары аясында пайдалану кезінде осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қолдану ережелерін сақтау бұйымның қызметтік мерзімі осы нұсқаулықта көрсетілген мерзімнен айтарлықтай асып
кетуі мүмкін екендігіне аудартады. Дайындаушы-фирма өзіне тауардың сапасын нашарлатпайтын құрылымы мен жиынтығына өзгерістер енгізу
құқығын қалдырады. Сервистік орталықтардың тізімін сатушыдан немесе www.kolner-tools.com сайтынан білуге болады.
Импортер/шағымдарды қабылдауға уәкілетті ұйым : «ОМЕГА» ЖШҚ
Мекен-жай: 432006, Ресей, Ульяновск қ., Локомотивная көш., 14.
Дайындаушы: Джиангсу Хигх Хопе Интернатионал Гроуп Суншине Импорт анд Экспорт Корпорейшн
Мекен-жай: 17/Ф, Цзянсу Интернатионал Бизнесс Мансион, №50, Чжунхуа роад, Нанкин, Қытай
ҚХР жасалған
Дайындалған күні сериялық нөмерде
Көрсетілген
Скачать