Bosch GDX 18V-200 C (06019G4201) [145/239] Аккумуляторды шешу

Bosch GDX 18V-200 C (06019G4201) [145/239] Аккумуляторды шешу
Қазақ | 145
u Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Аккумуляторды шешу
Аккумулятордың (6) екі бекіту басқышы бар, олар
аккумуляторды ашу пернесінің (7) кездейсоқ басылып,
аккумулятордың түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор
электр құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында
ұстап тұрады.
Аккумуляторды (6) шығару үшін ашу пернесін (7) басып,
аккумуляторды электр құралынан алға тартып
шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.
Құралды ауыстыру
u Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
u Электр·құралының·желдету·саңылауларын жиі
тазартыңыз.
Қозғалтқыш·желдеткіші·корпус·ішіне·шаң
тартып,·метал ұнтағының жиналуы·электр·тогымен
жарақаттану қауіпін тудыруы мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты орнату: GDR/GDX 18V-200
C (A–Bсуреттерін қараңыз)
Бекіту төлкесін (2) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты
тірелгенше құрал бекіткішіне (1) жылжытыңыз да, бекіту
төлкесін (2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Соққыға төзімді бұрауыш биттерді (17) шар тәрізді
ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (16) арқылы
орнатуға болады.
Алмалы-салмалы аспапты орнату: GDX/GDS 18V-200
C (B–Cсуреттерін қараңыз)
u Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның құрал
бекіткішіне нық орнатылып тұрғанына көз
жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап құрал бекіткішімен
нық біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі
мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты (18) құрал бекіткішінің (1)
квадратына салыңыз.
Жүйеге қарай алмалы-салмалы аспап (18) құрал
бекіткішінде (1) аздап бос тұрады; бұл жұмысына/
қауіпсіздігіне әсер етпейді.
Кейбір алмалы-салмалы аспаптар (мысалы, қос биттер)
құрал бекіткішіне берік бекітілмейді.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Бекіту төлкесін (2) алдынға жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
u Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (12) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (6) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Бұрау бағытын реттеу (D суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (12) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (13) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (12) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (12) оңға тірелгенше
басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (13)
басып тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (13)
жіберіңіз.
Айналымдар санын/қағулар санын таңдау
(8) түймесімен қажетті айналу жиілігін/соққылар санын 3
деңгейде алдын ала таңдауға болады. (8) түймесін айналу
Bosch Power Tools 1 609 92A 4TS | (07.01.2019)

Содержание

Похожие устройства

Скачать