Patriot ALASKA [14/40] Сатып алғаныңыз үшін рахмет

Patriot ALASKA [14/40] Сатып алғаныңыз үшін рахмет
14
КІРІСПЕ
PATRIOT бензинді қопсытқышын сатып алғаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз!
Қопсытқыш бұл бақшалар мен үй іргесіндегі учаскелерді өңдеу мен қопсытуға арналған ыңғайлы және тиімді құрал. Қопсытқыштар
құрастыруға оңай, пайдалануға жеңіл, техникалық қызмет көрсетуді өте аз қажет етеді. Біздің компанияның инженерлері ең замана-
уи басқару технологияларын, жетек майлағыштарын, тербеліске қарсы жүйелерді қолданды, бірегей мотор майларының желісі мен
басқа да көптеген нәрселерді жасап шығарды. Қопсытқыш топырақты ішіне орнатылған фрезалармен өңдейді, фрезалардың айналуы
бензинді қозғалтқыштан редуктор арқылы беріледі.
Біз нұсқаулықта көрсетілген қауіпсіздік техникасы шаралары сақталған жағдайда қопсытқышпен жұмыс істеуді ұнамды етуге тырыса-
мыз. Алайда дұрыс қолданбаған жағдайда, қопсытқыш Сіздің денсаулығыңызға және Сіздің айналаңыздағы адамдардың денсаулығына
төнетін қауіп көзі болып табылатынын ұмытпаған жөн.
Нұсқаулықта бензинді қопсытқышты құрастыру, іске қосу және техникалық күтім жасау үдерісі егжей-тегжейлі сипатталған. Біздің
нұсқауларымызды орындасаңыз, бұл құрал Сізге ұзақ қызмет етіп, үй іргесіндегі учаскеде сенімді көмекшіңізге айналады. Біз Сізге
қопсытқыштың кепілді мерзім ішінде тоқтаусыз жұмыс істеуіне және таза ауадағы жұмыстың ләззат сыйлауына кепілдік береміз!
Сатылым шарттары
Сатып алу-сату кезінде сауда жасаушы тұлға сатып алушының қатысуымен тауардың сыртқы көрінісін, оның жиынтықтылығын және
жұмыс қабілетін тексереді. Мүмкіндігінше кепілдік талонына белгі қояды, тауарлы чекті басады, құрастыруды, қосуды орындайтын
ұйымдар туралы ақпарат пен сервистік орталықтардың мекенжай-ларын береді. Өткізудің айрықша шарттары қарастырылмаған.
Қопсытқыш нормативтер мен тех. регламенттерге сай:
«Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 010/2011 КО ТР,
«Техникалық құралдардың электромагнитті үйлесімділігі» 020/2011 КО ТР
САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН РАХМЕТ!

Содержание

Похожие устройства

Скачать