Vitek VT-8340 [12/28] Қазақша
![Vitek VT-8340 [12/28] Қазақша](/views2/1650919/page12/bgc.png)
12
ҚазаҚша
ҮТІК VT-8340
Үтіктің осы моделінде Smart Sense технологиясы
қолданылады, ол температураның оңтайлы
комбинациясын және үтіктеуге рұқсат берілген
кез-келген матаға арналған будың қажетті
көлемін анықтайды.
Үтік киімді, төсек жаймасын үтіктеуге және
маталарды вертикаль булауға арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Су шашыратқыш
2. Су құятын саңылаудың қақпағы
3. Тұрақты бу жіберуді реттегіш
4. Қосымша бу беру түймесі
5. Су шашыратқыш түймесі
6. Қолсап
7. Қыздырғыш элементті іске қосу/өшіру/
автоматты түрде өшіру индикаторы
8. Желілік бау қорғанысы
9. Үтіктің негізі
10. Суға арналған ыдыс
11. Өздігінен тазалайтын «Self Clean» түймесі
12. Судың максималдық «MAX» деңгейін
көрсеткіш
13. Үтіг табаны
14. Өлшейтін шағын стакан
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғаныс үшін қоректендіру
тізбегінде номиналды іске қосылу тогы 30 мА
аспайтын қорғаныс сөндіру құрылғысын (ҚСҚ)
орнатқан дұрыс, ҚСҚ-ны орнату үшін маманға
хабарласыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалану алдында берілген
пайдалану бойынша нұсқаулықты зейін қойып
оқып шығыңыз және оны анықтамалық материал
ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Берілген нұсқаулықта көрсетілгендей, құрылғыны
тек оның тікелей міндеті бойынша ғана
пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс пайдаланбау
оның бұзылуына, тұтынушыға немесе оның
мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
• Іске қосу алдында электр желісінің кернеуі
үтіктің жұмыс істеу кернеуіне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Желілік баусым «еуроашамен» жабдықтал-
ған; оны сенімді жерлендіру түйіспесі бар
электрлік ашалыққа қосыңыз.
• Өрттің пайда болу қаупіне жол бермеу үшін
аспапты электр ашалығына қосқан кезде
ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
• Электрлік желінің асыра жүктелуіне жол
бермеу үшін тұтынатын қуаты жоғары
бірнеше құрылғыны бірмезгілде іске
қоспаңыз.
• Үтікті панажайлардан тыс және
ылғалдылығы жоғары панажайларда
пайдаланбаңыз.
• Үтікті жазық тұрақты бетке қойыңыз немесе
тұрақты үтіктеу тақтасын пайдаланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтіктің беттері жұмыс
уақытында қызады. Күйікке шалдығудың
алдын-алу үшін терінің ашық бөліктерінің
үтіктің ыстық беттерімен немесе шығып
жатқан бумен түйісуіне жол бермеңіз.
• Суға арналған сауытқа хош иістендіргіш
сұйықтықтарды, сірке суын, крахмал
ерітіндісін, қақты жоюға арналған
реагенттерді, химиялық заттарды және т.с.с.
құюға тыйым салынады.
• Құрылғыны сепкіштер шашыратылатын
немесе тез тұтанатын сұйықтықтар
пайдаланылатын жерлерде қоспаңыз.
• Үтік табанының бүлінуіне жол бермеу
үшін металл сырғымасы немесе металл
түймелері бар заттарды үтіктеген кезде сақ
болыңыз.
• Жұмыс кезінде желілік баусымның үтіктеу
тақтайшасында болмауын және ыстық
беттер мен үшкір жиектерге тимеуін
қадағалаңыз.
• Желіге қосылған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз. Жұмыс кезіндегі үзілістер
және салқындау уақытында үтікті негізіне
(тік күйінде) қойыңыз.
• Үтікті электрлік желіден өшірудің алдында
тұрақты бу беруді өшіріңіз.
• Үтікті пайдаланбасаңыз, онда оны міндетті
түрде электр желісінен ажыратыңыз.
• Сауытты сумен толтырғанда желілік баусым
ашасын міндетті түрде электрлік ашалықтан
суырыңыз.
• Су құятын саңылаудың қақпағы үтіктеу
уақытында жабық болуы керек.
• Үтікті электр желісінен сөндірген кезде
әрқашан желілік ашадан ұстаңыз, ешқашан
желілік баусымнан тартпаңыз.
• Электр тоғы соққысына жол бермеу үшін
үтікті, желілік баусымды немесе желілік
баусым ашасын суға немесе кез-келген
басқа сұйықтыққа матырмаңыз.
• Үтікті жинап қойғанға дейін оған толық
салқындауға уақыт беріңіз және судың
қалдығын төгіңіз.
IM VT-8340.indd 12 16.01.2019 17:27:55
Содержание
Похожие устройства
- Vitek VT-2359 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2355 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2349 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2346 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1938 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1946 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-1940 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2059 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2057 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2063 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2068 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2056 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2055 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8553 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8556 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-8555 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2177 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2176 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2175 Инструкция по эксплуатации
- Vitek VT-2531 Инструкция по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения