Redmond SkyIron RI-C288S [30/36] I пайдалана бастау алдында

Redmond SkyIron RI-C288S [30/36] I пайдалана бастау алдында
30
Аспаптың құрылымы (
A1
сурет, 3 бет)
1. Қыш жабындысы және буды бүкіл бетке біркелкі таратуға
арналған ерекше бедері бар табан
2. MAX ыдыста судың ең үлкен деңгейінің белгісі (үтік тік
тұрғанда)
3. Өзін-өзі тазалау түймешігі (Self Clean)
4. Табан қызу реттегіші
5. Су ыдысы
6. Автосөндіру индикаторы
7. Су бүріккіш тесігі
8. Су ыдысының қақпағы
9. Бу жіберу реттегіші
10. Суды шашырату түймешігі
11. Буды қарқынды жіберу түймешігі (бу соққысы)
12. Тұтқа
13. Баудың топсалы бекітпесі
14. Электр қоректену бауы
15. Өлшеу стақаны
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен
жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш
(бар болса) және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені
орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң
аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме тем-
пературасында ұстау керек.
Электр бауды толық жайыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен
сүртіңіз, аспаптың барлық элементтерін электр желіге қосар
алдында мұқият кептіріңіз.
Жаңа үтіктің кейбір бөлшектеріне қорғаныс жабыны қап-
талған, сондықтан бірінші рет қосқан кезде жағымсыз иіс
пайда болуы мүмкін. Бұл құралдың жұмысына қауіпсіз және
тез кететін уақытша құбылыс.
Барлық аспаптар құрастыру желісінде сапаны бақылаудан
өтеді, жаңа үтіктің суына арналған резервуарда конденсат
болуы мүмкін – бұл қалыпты.
I I. ҮТІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Аспапты пайдалану тәртібі
A2
сызбада (4-бет) көрсетілген.
Аспап құбырдағы сумен жұмыс істеуге арналған. Егер өңіріңізде
су өте кермек болса, құбырдағы және дистилляцияланған суды
1:1 пропорциясымен араластыруға кеңес беріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Су аспап корпусының ішіне немесе
электр қоректену бауына тимеуі үшін оны кранның өзінен
құймаңыз.
Қолданар алдында үтіктеудің тәсілі мен таңдалған темпера-
тура сіздің үтіктегелі жатқан бұйымның жапсырмасындағы
нұсқауларға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз (кестеден қа-
раңыз).

Содержание

Скачать