Polaris PGS 1820VA Инструкция по эксплуатации онлайн [29/43] 537159

Polaris PGS 1820VA Инструкция по эксплуатации онлайн [29/43] 537159
техникалық пайдалану қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық
пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл тігінен ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін үтіктегіш құрылғы осы нұсқаулықтың
ережелеріне сәйкес тек қана үйде, тұрмыстық мақсатта пайдаланылуы тиіс.
Бұл электрлік ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін құрылғыны пайдалануды бастамас бұрын, осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты міндетті түрде, толығымен мұқият оқып шығыңыз.
Әр жолы құрылғыны іске қоспас бұрын, оның электр желілік баусымын және де, бу түтігін мұқият
түрде қарап шығыңыз, олардың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Құрылғының және оның электр
желілік баусымның қандай да бір ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны ешбір жағдайда электр
желіге, ашалы розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Бұл электрлік ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін құрылғы және оның электрлік желілік
баусымы ыстық ауаның тікелей күн көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күннің жарық
сәулесінің және де жауын-шашындардың түсуіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, яғни
құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмайтындай етіп, сақталуы керек.
Электр желіге қосылып тұрған үтіктегіш құрылғыны қадағалаусыз қалдыруға болмайды! Егер Сіз
құрылғымен пайдаланбасаңыз, онда оны әркез сөндіріп, оның электрмен қоректендіретін электр
желілік баусымын электр желісінен ажыратыңыз.
Аталған құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы
жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, кембағал, сезім мүкістігі
бар немесе ақыл-есі кем, сондай-ақ, құрылғыны қолдану үшін білімі мен тәжірибесі жоқ не оны
қолдана білмейтін немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Олар бұл құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалардың
құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Назар аударыңыздар! Бұл ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін электрлік құрылғыны ванна,
ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың қасында
пайдалануға болмайды.
Электрлі тоқпен зақымданбау үшін ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін электрлік құрылғыны,
оның электр желілік баусымын, сондай-ақ электр желілік баусымның штепсельді ашасын суға немесе
өзге де сұйықтықтарға батырып салуға тыйым салынады. Ылғал қолыңызбен құрылғыны ұстауға
мүлдем болмайды. Құрылғы дымқылданса, оның электр желілік баусымның айыртетігін бірден
электрлік қоректену желісінен ажыратып алу қажет.
Бұл электрлік бумен жібітіп үтіктейтін құрылғы суға түсіп кеткен жағдайда, оның электр желілік
баусымның айыртетігін бірден электрлік қоректену желісінен ажыратыңыз. Сонымен, бұл кезде қолды
суға малуға мүлдем болмайды. Құрылғыны екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман
тексеріп шығуы керек.
Ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін электрлік құрылғыны тек ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз
(~). Құрылғының электр желілік баусымның айыртығынын электр желіге жалғастырып қоспас бұрын,
құрылғының техникалық сипаттамаларында көрсетілген кернеудің параметрлері Сіздің үйіңіздегі
электрлік желісінде қолданылатын кернеуіне, яғни электрлік желінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін электрлік құрылғыны тек қана жерге тұйықталған желіге ғана
қосуға қажет. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жерлендіру бекітілген электр техникалық
нормаларға сәйкес келуі тиіс. Техникалық стандартқа сай келмейтін қуат беру және электрлік
қоректендіру көздері мен ұзартқыш немесе жалғастырғыш құрылғыны және үшжақты жалғаулық
секілді үшайыр бiрiктiргіш құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Ұзартқыш не жалғастырғыш құрылғыны пайдаланудың алдында, оның жерге тұйықталғанына және
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Бұл ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін электрлік құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде
пайдаланбаңыз. Құрылғыны сүйiр бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Құрылғымен пайдаланып
болғаннан кейін, оны тазартпас бұрын немесе құрылғы сынып қалса, сондай-ақ құрылғының бөліктері
мен бөлшектерін орнатпас бұрын немесе оларды бөлшектеу қажет болған жағдайда, оны әрдайым
желіден ажыратыңыз.
Құрылғыны оның электрмен қоректендіретін электр желілік баусымнан ұстап, тасымалдауға
болмайды. Сондай-ақ, құрылғыны оның электрмен қоректендіретін электр желілік баусымнан ұста,
тартқылап, электрлік қоректену желісінен ажыратуға тыйым салынады. Құрылғының электр желілік
баусымын электрлік қоректену желісінен ажыратқан кезде, тек қана оның электр желілік баусымның
штепсельдік айыртетігінен ұстаңыз.

Содержание