Polaris PGS 1820VA [36/43] Қылшақ қондырма қылшақ қондырма

Polaris PGS 1820VA [36/43] Қылшақ қондырма қылшақ қондырма
қыртыстарды жібітіп үтіктей отырып, матаның ішкі және сыртқы жағына өтеді. Бос қолыңызбен
матаны түзеңіз, алдымен бос қолыңызға алдын ала қолғап киіңіз, содан кейін матаны
дұрыстаңыз.
Бу түтігі әркез тік қалпында болатындай үтіктеу үдерісін жүргізіңіз.
Бу түтігінде жұмыс барысында бүлкілдеген дыбыс естілуі мүмкін. Бұл дыбыс бу
конденсациясының қалыпты нәтижесі болып табылады. Егер Сіз бүлкілдеген дауысты бу түтігінен
естісеңіз, конденсатталған буды құрылғыға қарай жылжытып босату үшін, бу түтігін жоғарыға
қарай тік қалпында ұстаңыз.
Ескертпе: Құрылғының үздіксіз жұмыс жасау уақыты 35 минутты құрайды. Құрылғының суға
арналған резервуарын сумен толтыру үшін, алдымен құрылғыны сөндіріңіз, ол үшін қуатты
ауыстырып қосатын тетігін «0» қалыпқа орнатыңыз да, құрылғының электр желілік баусымын
тоқ көзінен ажыратыңыз.
Құрылғының жиынтықтылығына кіретін бөлшектері мен керек-жарақтары
Қылшақ - қондырма
Түктерді жоюға арналған қылшақ-қондырма киімдерді немесе кез келген заттарды шаштан,
жануарлардың жүнінен мінсіз тазартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ киім түктерін, яғни киімнің оң
бетіндегі шығыңқы түктерді және одан да, киімнің ұсақ кірін ұқыптап кетіріп жояды.
Қылшақ қондырманы бу тұтқасына орнатыңыз. Қылшақ қондырманы бу тұтқасына орнатқаннан
кейін оны бекітіңіз, ол үшін қылшақ қондырманың төменгі бөлігіне жай ғана баяу басу арқылы оны
бу тұтқасында бекітіңіз, қондырманың төменгі бөлігін басу барысында оның бекітілгенін білдіретін
шертпек секілді сарт еткен дыбыс естілуі керек, қылшақ қондырма бекітілді деген дыбыс
шықпайынша басыңыз.

Содержание