Polaris PGS 1820VA [39/43] Құрылғыны сақтау және тасымалдау жөніндегі ережелері

Polaris PGS 1820VA [39/43] Құрылғыны сақтау және тасымалдау жөніндегі ережелері
9. Құрылғыны сақтау және тасымалдау жөніндегі ережелері
Құрылғыны сақтау жөніндегі ережелері
Әр жолы ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін үтіктегіш құрылғыны сақтауға алып қоймас
бұрын, әркез оның суды ағызатын саңылау арқылы су резервуардағы қалған суды
шұңғылшаға төгіп, ағызып жіберіңіз.
Ыстық бумен жібітіп булап үтіктейтін үтіктегішті тік қалпында, құрғақ, салқын жерде
сақтаңыз, сақтау барысында құрылғының бу құбыршегі (бу түтігі) майыспауы қажет,
құрылғының бу құбыршегін (бу түтігін) дұрыс сақтау үшін оны жақсылап тарқатыңыз.
Электрлік құрылғылар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және
салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды, сондай-ақ, электрлік құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық,
құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
Құрылғыны тасымалдау жөніндегі ережелері
Электрлік құрылғылардың тасымалдауы нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау және
механикаландырылған жүк тиеу-түсіру жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ететін, жүкті көлігімен
тасымалдау қағидаларына сәйкес көліктің барлық жабық түрлерінде кез келген көлік құрылғыларымен
жүзеге асырылады. Құрылғыны тасымалдау барысында оның түпнұсқалық зауыттық орама мен қаптама
қорабын пайдаланыңыз.
Электрлік құрылғыларды тасымалдау барысында оларды тікелей механикалық бүлінулерден, қызудан,
оған тіке күн сәулесінің, атмосфералық жауын-шашындардың түсуінен, ылғал мен агрессивті жемірлі
орталар әсер етуінен қорғау шарттары қамтамасыз етілуі керек, сондай-ақ, құрылғылардың бұзылу
қаупін туғызатын себептерін болдырмау үшін жоғарыда аталған әсерлердің кездейсоқ тигізу
мүмкіндігін болдырмауы керек.
Осы құрылғыны пайдалану барысында жарақаттанып қалу мүмкіндігін болдырмау
мақсатында, сондай-ақ бұл құрылғының бұзылуы қаупін туғызатын себептерін
болдырмау үшін, сонымен қатар өрт қаупі бар жағдайларды болдырмау үшін осы
нұсқалықта берілген барлық қауіпсіздік жөніндегі талаптары мен ережелерін және де,
тұрмыстық электрлі құрылғылармен пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бойынша барлық
қолданыстағы жалпы нұсқауларын және техникалық пайдалану қағидаларын, сонымен бірге
бұл құрылғымен жұмыс атқару барысындағы қауіпсіздік жөніндегі негізгі сақтық шараларын
қатаң сақтау қажет.
Жарамсыз деп табылған тұрмыстық электрлік құрылғылар мен
техникалық бұйымдарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар
Ескертпе: Құрылғының пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін бұл электр құрылғыны
әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, оны одан әрі кәдеге жарату мақсатында,
қалдықтарды қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге жаратумен айналысатын ресми
пунктке өткізіңіз. Осылайша, Сіз қоршаған ортаны сақтауға өз септігіңізді тигізесіз.
Жарамсыз деп табылған тұрмыстық электрлік құрылғылар мен техникалық бұйымдарды
кәдеге жарату барысында пайда болатын қатты тұрмыстық қалдықтар белгіленген тәртіппен
және салалық нормативті құжаттары бойынша көзделген қолданыстағы ережелер мен
нормаларға сәйкес, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен
залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.

Содержание