Polaris PHC 0202R [29/31] Кепілдікті міндеттемелер

29
КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Бұйым: Шаш қиюға арналған машинка Үлгі: PHC 0202R
Осы кепілдік бұйымды сатып алудың расталған күнінен бастап 12 ай бойы әрекет етеді
және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Кедендік одақтың мүше
мемлекеттерінің Заңына сәйкес бұйымға кепілдік қызмет көрсетілуін білдіреді.
1. Өндірушінің кепілдікті міндеттемелері «POLARI сауда маркасымен
шығарылатын және өндіруші уәкілеттік берген сатушылардан, кепілдік қызмет
көрсетілетін елдерде (сатып алу орнына қарамастан) сатып алынған барлық
үлгілерге қолданылады.
2. Бұйым пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және қауіпсіздік жөніндегі
ережелер мен талаптарды сақтауға қатаң сәйкестікте пайдаланылуы тиіс.
3. Осы кепілдік тауарды тұтынушыға бергеннен кейін пайда болған келесі
кемшіліктерге қатысты болмайды:
Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер ету, бөгде заттардың,
сұйықтықтардың, жәндіктердің және олардың тіршілік ету өнімдерінің бұйымның
ішіне түсуі;
Бұйымды оның тікелей міндетінен тыс пайдалануында болатын қате
пайдалаылуы, сондай-ақ Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың және қауіпсіздік
техникасы ережелерінің талаптарын бұза отырып, бұйымды орнату және пайдалану;
Бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдалану;
Қалыпты пайдалану, сонымен қатар функционалдық қасиеттеріне әсер етпейтін:
сыртқы немесе ішкі беттнің механикалық зақымдануы (майысулар, сызаттар,
ескірулер), металл түсінің табиғи өзгеруі, оның ішінде құбылмалы және қара
дақтардың пайда болуы, сондай-ақ жабынды зақымдалған жерлерде және металдың
жабылмаған учаскелерінде металл жемірілуі;
Өңдеу бөлшектерінің, шамдардың, батареялардың, қорғаныс экрандарының,
қоқыс жинағыштардың, белбеулердің, щеткалардың және пайдалану мерзімі
шектеулі өзге де бөлшектердің тозуы;
Авторизацияланған сервис орталықтары болып табылмайтын тұлғалар немесе
ұйымдар өндірген бұйымды жөндеуі*;
Бұйымның тасымалдау
кезіндегі, дұрыс пайдаланбау, сондай-ақ бұйымның конструкциясында
көзделмеген модификациялармен немесе өз бетінше жөндеумен байланысты
зақымданулары.
4. Егер бұйымда паспорттық сәйкестендіру тақтайшасы болмаса немесе ондағы
деректер өшірілген немесе түзетілген болса, өндіруішге кепілдікті міндеттеме
жүктелмейді.
5. Бұл кепілдік тек жеке тұрмыстық қажеттіліктерге арналған бұйымдарға жарамды
және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсаттарға пайдаланылатын
бұйымдарға қолданылмайды.
Назар аударыңыз!! Өндіруші POLARIS бұйымымен адамдарға, үй жануарларына,
қоршаған ортаға тікелей немесе жанама келтірілген зиян немесе егер бұл бұйымды
пайдалану және орнату ережелерін немесе шарттарын сақтамау, тұтынушының немесе
үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттері нәтижесінде болған жағдайда
мүлікке келтірілген зиян үшін жауапты болмайды.

Содержание

Похожие устройства