Candy FCC614GH/E [8/16] Қауіпсіздік техникасы ережелері

Candy FCC614GH/E [8/16] Қауіпсіздік техникасы ережелері
• ЕСКЕРТУ. Құрылғы жəне оның қол тигізетін ашық жерлері пайдаланудың уақытында қызады. Кез келген
қызып тұрған беттерге жанасудан сақ болыңыз.
ЕСКЕРТУ: пеш қолданылып жатқанда, қолжетімді бөліктер ыстық болуы мүмкін. Балаларды қауіпсіз
жерде ұстау керек.
ЕСКЕРТУ. Шамын ауыстырмас бұрын электр тоғы соқпауы үшін, құрылғының қуат көзінің
ажыратылғанына көз жеткізіп алыңыз.
ЕСКЕРТУ. Температуралық үзгіштің кездейсоқ босатылуымен байланысты қауіпті жағдайлардың орын
алмауы үшін, құрылғының қуат көзі ауыстыратын құралы бар, мысалы таймер, сыртқы қуат көзінен жүзеге
асырылмауы керек, сондай-ақ құрылғыны тұрақты түрде қосып-ажыратылып тұратын тізбекке қосуға
болмайды.
ЕСКЕРТУ. Автоматты тазарту кезеңін қосудың алдында:
- Пештің есіктерін тазалаңыз.
- Дымдап алынған ысқыштың көмегімен пештің ішіндегі тамақтың ірі жəне қатып қалған қалдықтарын кетіріңіз.
Бұл мақсатқа жуғыш құралдарды пайдаланбаңыз.
- Барлық қосымша керек-жарақтарын жəне суырма торлардың жиынтығын суырып алыңыз (олар болса).
- Асүйлік сүлгілерді ішіне салмаңыз.
Бұл құралды дене, психикалық немесе ақыл-ой қабілеті төмен адамдардың (балаларды қоса) немесе
олардың тəжірибесі немесе білімі болмаса, егер олар құралдың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғаның
бақылауында болмаса немесе құралды пайдалану туралы егжей-тегжейлі түсіндірілмесе, пайдалануына
болмайды.
Балаларды құралмен ойнауына жол бермеу үшін, бақылауда ұстау керек.
Есіктің əйнектерін доғал немесе түрпілі материалдарды, сондай-ақ металдан жасалған үшкір
қырғыштарды пайдаланбаңыз, өйткені олар əйнектің бетін тырнап жəне уатып тастауы мүмкін.
Алмалы-салмалы бөліктерін суырып алмас бұрын пеш ажыратылып, ал
тазартқаннан кейін оларды нұсқаулыққа сай орнына салу қажет.
Бұл пеште етке арналған термометрлерді ғана пайдалануға кеңес беріледі.
Булы тазартқышты қолдануға рұқсат берілмейді.
Жапсырмадағы кернеуді, токты жəне жүктемені көтере алатын жəне жерге тұйықталған кабельге ашаны
қосыңыз. Ұяшық жапсырмада көрсетілген жүктемеге үйлесімді болуы керек жəне жерге тұйықталған
контактісі болуы жəне жұмыс істеп тұруы тиіс. Жерге тұйықтау өткізгішінің түсі сары-жасыл болады. Бұл
жұмысты білікті кəсіби маман ғана орындауы керек. Ұяшық пен құрылғы ашасы бір-біріне үйлесімді
болмаса, білікті электр маманынан ұяшықты ауыстырып беруін сұраңыз. Аша мен ұяшық орнатылатын
елдегі ток нормаларына сəйкес болуы керек. Омниполярлық ажыратқышты құрылғы мен қуат көзінің
арасына қою арқылы қуат көзіне қосылуға болады, ол максималды қосылған жүктемені көтере алады жəне
ағымдағы заңнама талаптарына сəйкес келеді. Жерге тұйықтауға арналған сары-жасыл кабельге
ажыратқыш орнатудың керегі жоқ. Құрылғы орнатылғанда, қосылымға пайдаланылған ұяшық немесе
омниполярлық ажыратқыш қолжетімді болуы керек.
Ашаны қолжетімді жерге қою арқылы немесе сым жүргізу ережелеріне сəйкес бекітілген сымға қоқыш
жалғау арқылы ажыратуға болады.
• Егер қуат кабелі зақымдалса, өндіруші тарапынан ұсынылған кабельмен немесе арнайы жинақпен
алмастырылуы керек немесе тұтынушыларға қызмет көрсету бөліміне хабарласуыңыз керек.
Қуат кабелінің түрі H05V2V2-F болуы керек.
Жоғарыда айтылғандарды орындамаған жағдайда, құрылғыға қауіп төніп, кепілдіктің күші жойылуы мүмкін.
Тазаламас бұрын шашыраған материалдың артық мөлшері алып тасталуы керек.
• Пиролитикалық тазалау процесі кезінде құрылғының беттері əдеттегіден ыстық болып кетуі мүмкін,
сондықтан балаларды алысырақ ұстаған жөн.
Шамадан тыс ысып кетпеуі үшін құрылғыны декоративті есіктің артына орнатуға болмайды.
Ішіне сөре қойғанда, тежегіш жоғары қарап тұруы керек жəне қуыстың артқы жағында болуы керек.
Сөре қуысқа толықтай салынуы керек.
ЕСКЕРТУ: пештің қабырғаларын алюминий фольгамен немесе дүкендерде сатылатын, бір рет
қолданылуға арналған қорғағыш материалмен қаптауға болмайды. Алюминий фольга немесе басқа
қорғағыш материал пештің ішіндегі ыстық эмальге тиіп тұрады да, еріп, эмальді бүлдіруі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: пеш есігінің тығыздағышын алып тастауға болмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бұл аспаптың Электр жəне электрондық жабдық өндірісінің қалдықтары (WEEE) туралы 2012/19/ЕО еуропалық директивасына
сəйкес таңбаламасы бар. Электр жəне электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарының құрамында ластаушы заттектер (қоршаған
ортаға теріс ықпал етуі мүмкін) жəне негізгі компоненттер (екінші қайтара пайдалануға жататын) болады. Электр жəне
электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарының барлық ластаушы заттектерді кетіру жəне кəдеге жарату, сондай-ақ барлық
материалдарды қалпына келтіру жəне қайтадан пайдалану мақсаттарында арнайы өңдеуге жатқызылғаны маңызды.
Əркім де электр жəне электрондық жабдық өндірісінің қалдықтары туғызатын экологиялық проблемалардың алдын алуға елеулі үлес
қоса алады; ол үшін бірнеше негізгі ережелерді ұстану маңызды:
Электр жəне электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарын тұрмыстық қалдықтар секілді жаратуға болмайды.
Электр жəне электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарын жергілікті билік органдары немесе тіркелген компаниялар бақылайтын жинау
пункттеріне табыстау керек. Көптеген елдерде электр жəне электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарының көп көлемі болған кезде,
қалдықтарды үйден жинау жүзеге асырылады.
Жаңа аспапты сатып алған кезде ескі аспапты бөлшек сауда кəсіпорнына қайтаруға болады, егер ол аспаптар баламалы типті жəне
қайтарылатын аспап сатып алынатын аспап секілді функцияларға ие болса, ол оны өзара-бірдей сəйкестік негізінде тегін қабылдауға
міндетті.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Мүмкіндігіне қарай духовканы алдын ала қыздырудан аулақ болу жəне əрдайым оны түгелдей толтыру керек. Духовканың есікшесін
мүмкіндігінше сирек ашыңыз, өйткені оны əрбір ашқан сайын жылу сейіледі. Электр энергиясын елеулі үнемдеу үшін духовканы
жоспардағы тамақ пісіру аяқталардан 5-10 минут бұрын өшіріп отырыңыз, сонда духовка өндіретін қалдық жылу пайдаланылады.
Жылудың камерадан тыс таралуына жол бермеу үшін, тығыздағыштарды тазалықта жəне тиісті күйде күтіп ұстау керек. Сіздің электр
қуатымен жабдықтауға шартыңызда сағаттық тариф көзделетін жағдайда, онда "тамақ пісіруді кейінге қалдыру" бағдарламасы тамақ
пісіру процесін бастауды жеңілдікті тариф əрекет ете бастағанға дейін кейінге қалдырудың арқасында электр энергиясын үнемдеу
процесін оңайлатады.
KZ 08

Содержание

Скачать