Samsung FQ315S002 [110/156] Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұматтар жалғасы

Samsung FQ315S002 [110/156] Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұматтар жалғасы
6
KZ
Жұмыртқаны микротолқынды пеште қабығы аршылмаған, бітеулей пісірілген
жұмыртқаны қыздыруға болмайды, себебі олар микротолқынмен қыздырып
болғаннан кейін де жарылып кетуі мүмкін
Сонымен қатар тұмшаланып жабылған немесе вакуум шөлмектерді, банкаларды,
сауттарды, қабығы аршылмаған жаңғақтарды, қызанақтарды тсс қыздырмаңыз
Пешті мезгіл-мезгіл тазалап, тағамның қалдықтарын алып отыру керек;
Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп, нәтижесінде оның қолданыс
мерзіміне әсер етуі немесе қатерлі жағдайларға әкелуі мүмкін
Желдеткіш саңылауларды шүберекпен немесе қағазбен БІТЕМЕҢІЗ Пештен
ыстық ауа шығатындықтан, бұндай заттар өртенуі мүмкін
Пеш қатты қызып, автоматты түрде сөніп қалуы мүмкін Әбден суығанша іске қосу
мүмкін болмайды
Байқаусызда күйіп қалмас үшін, тағамды пештен алар кезде ӘРҚАШАН пешке
арналған қолғапты қолданыңыз
Пештің қыздырғыш элементтеріне немесе ішкі қабырғасына ешқашан пеш
суығанша ҚОЛ ТИГІЗБЕҢІЗ
Қорек сымы немесе ашасын суға батырмаңыз, қорек сымын заттың қызып тұрған
беттерінен алыс ұстаңыз
Қорек сымы немесе ашасы бүлінген құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз
Пештің есігін ашқан кезде, одан кем дегенде шынтақтың ұзындығындай
қашықтықта тұрыңыз
Себебі Пештен шыққан ыстық ауа немесе бу шарпып кетуі мүмкін
Құрылғы жұмыс жасап тұрған кезде сырт-сырт еткен дыбыс естілуі мүмкін (әсіресе,
пеште тағам жібіту функциясы орындалып тұрса)
Себебі Бұл электр қуатының шығыс мөлшері өзгерген кезде шығатын қалыпты
дыбыс
Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан іске қоспаңыз Қауіпсіздікті қамтамасыз
ету үшін электр қуаты автоматты түрде тоқтатылады Шамамен 30 минуттай қоя
тұрғаннан кейін іске қоса беруіңізге болады Пештің ішінде әрқашан бір стакан су
тұрғаны дұрыс Пеш байқаусызда қосылып кетсе, су микротолқын қуатын сіңіреді
Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұматтар (Жалғасы)
FQ315S002-BWT-03209N_KZ.indd 6 19/08/2011 10:52:27

Содержание

Похожие устройства