Samsung RB-37J5450WW [61/116] Тоңазытқышты орнату

Samsung RB-37J5450WW [61/116] Тоңазытқышты орнату
орнату
_19
01 ОРНАТУ
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
Тоңазытқышты орналастырып алған соң,
құрылғыны іске қосып, барлық ерекшеліктерінің
қызығын көруіңізге болады.
Келесі қадамдарды аяқтаған соң, тоңазытқыш
толығымен жұмыс істеуі қажет.
Егер олай болмаса, алдымен қуат көзін тексеріңіз,
одан кейін осы қолданушы нұсқаулығының
ақаулықтар бөлімін қараңыз.
Егер ақаулық шешілмесе, Samsung Electronics
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
1. Тоңазытқышты дұрыс жерге және қабырғадан
қашығырақ қойыңыз.
Осы нұсқаулықтың орнату нұсқауларын
қараңыз.
2. Тоңазытқышты пайдалану алдында төмендегі
суретте көрсетілген сөре бұрыштарының
қақпақтарын алыңыз.
(Қақпақтар тоңазытқышты қауіпсіз тасымалдау
үшін қолданылған).
3. Тоңазытқышты қуат көзіне жалғаған соң,
есігін ашқанда, ішкі шамдарының жануын
қадағалаңыз.
4. Температураны ең суық деңгейге қойып, бір
сағат күтіңіз.
Мұздатқыш аздап тоңазып, моторы бір
қалыпты жүруі тиіс.
5. Тоңазытқыш қосылған соң, қажетті
температураға жеткенше бірнеше сағат уақыт
қажет болады.
Тоңазытқыштың температурасы қажетті
деңгейде суығанда, тағам және сусындарды
қоюыңызға болады.
Тоңазытқышты қосқан соң, дыбыс
белгісі беріледі. Freeze (мұздату) немесе
Fridge (тоңазыту) түймесін басыңыз.
(Суықтығын таңдау аймағы бар үлгілер
үшін ғана)
20-беттегі “Басқару панелін қолдану”
бөлімін қараңыз.
DA68-02833R-28.indb 19 2018. 8. 6. �� 4:27

Содержание

Похожие устройства

Скачать