Galaxy GL 2618 [12/18] Сақтық шаралары

Galaxy GL 2618 [12/18] Сақтық шаралары
12
12
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек келесі шарттарды сақтаған кезде ғана
кепілдік беріледі:
1. Құралдың корпусын суға және басқа да сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
2. Құралды қуат беру көзіне қосудың алдында желі параметрлерінің 220-240 В ~ 50 Гц мәндеріне сәйкес
келетіндіктеріне көз жеткізу қажет.
3. Құралды желіден ажырату кезінде сымнан емес, істікшеден ұстау керек болады.
4. Балаларға құралға тіпті ол егер сөндірілген және желіден ажыратылған болса да жанасуға болмайды.
5. Құралды егер ол қолданылмаса әрдайым желіден ажыратып отыру керек.
6. Сонымен қатар құралды кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда және жұмыс аяқталғаннан кейін
желіден ажырату керек.
7. Құралды аталған нұсқаулықта көрсетілгендерден басқа кез келген мақсаттар үшін қолданбау керек.
Жұмыс, сақтау және құралды күту аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүзеге асы-
рылуы керек.
8. Сым мен құралдың бүтіндігін қадағалау керек. Құралды бүлінулер бар болған жағдайда қолдануға
тыйым салынады.
9. Жұмыс істеп тұрған электр құралының жанында балалар мен жануарлардың болуларын болдырмаңыз.
10. Электр құралын егер жану немесе жарылу қаупі бар болған жағдайда қолданбаңыз, мәселен, тез
жанғыш сұйықтықтар мен газдың жанында.
11. Желілік кабель бүлінген жағдайда қауіп-қатерге жол бермеу үшін оны өндіруші немесе оның агенті,
немесе аналогтік білікті тұлға ауыстыруы керек. Желілік кабельді ауыстыру қолданыстағы тарифке сай
авторландырылған сервистік орталықта жүзеге асырылуы керек.
12. Желдеткіш саңылаулардың әрдайым таза болуларын қадағалаңыз. Жанына қандай да болма-
сын заттарды қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларды жинақталып қалған шаңнан мезгіл-мезгіл тазалап
отырыңыз.
13. Электр құралын ашық ауада, жылу көздерінің тікелей маңында немесе ылғалдылығы жоғары
бөлмелерде қолданбаңыз.
14. Электр құралын орнықты емес беттерге немесе электр құралдарға орналастырмаңыз, мәселен
тоңызатқышқа немесе дастарқан секілді материалдарға.
15. Электр құралының ішкі жағын әрдайым тазалықта ұстаңыз.
16. Электр құралының ыстық бетіне жанаспаңыз.
17. Электр құралын әрдайым желіден ажыратыңыз: - кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда; - сап-
тамаларды ауыстырудың немесе тазалаудың алдында; - пайдалану аяқталғаннан кейін.
18. Электр құралымен жиынтықта жеткізілмеген керек-жарақтрады қолдану қауіпті болуы және электр
құралының бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
19. Электр құралын дайындалып жатқан немесе дайын өнімдерімен жылжытпаңыз.
20. Электр құралы өнеркәсіптік қолдануға арналмаған және тек тұрмыстық мақсаттар үшін ғана
қолданыла алады.
21. Электр құралына үлкен көлемдегі ыдысты, сонымен қатар өнімдердің үлкен порцияларын
орналастырмаңыз. Өнімдер мен ыдыстың жоғарғы және бүйірлік қабырғаларға жанаспауларын
қадағалаңыз, себебі бұл өртке немесе электр тоғымен зақымдалуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
22. Электр құралының бетіне қандай да болмасын заттарды сақтамаңыз.
23. Электр құралының маңындағы еркін кеңістік әрбір бүйірлік жақтардан, сонымен бірге ауаның еркін
айналуы үшін үстінен кем дегенде 15 см құрауы керек.
24. Электр құралын қолдану кезінде тек жылуға төзімді ыдысты және металдан жасалған ыдысты ғана
қолдануға рұқсат етіледі. Электр құралына бөгде заттарды, сонымен қатар пластиктен жасалған ыды-
сты, қызуға төзімді емес шыныны, ағашты, қағазды және басқа да оңай тұтанатын және нәзік материал-
дарды қоймаңыз.
25. Электр құралынан өнімдерді алу кезінде әрқашан тұтқыштарды қолданыңыз.
26. Электр құралының тұмпапешінде жану орын алған жағдайда реттегішті ажыр күйіне орната отырып
және оны электр желісінен ажырата отырып оны сөндіріңіз.
27. Аталған үлгі +15-тан +30°С-қа дейінгі жұмыс температураларының ауқымындағы қоңыржай кли-
мат шарттарында және ауаның 65%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында жұмыс істеуге
арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулық барлық мүмкін болатын оқыс
жағдайларды қарастыра алмайды. Қолданушыға электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік
техникасы шараларын өздігінен сақтауы керек болады!
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Скачать