Galaxy GL 2621 [12/18] Сақтық шаралары

Galaxy GL 2621 [12/18] Сақтық шаралары
12
12
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
1. Құралдың корпусын суға және басқа да
сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
2. Құралды қуат беру көзіне қосудың алдында
желі параметрлерінің 220-240 В ~ 50 Гц мәндеріне
сәйкес келетіндіктеріне көз жеткізу қажет.
3. Құралды желіден ажырату кезінде сымнан емес,
істікшеден ұстау керек болады.
4. Балаларға құралға тіпті ол егер сөндірілген
және желіден ажыратылған болса да жанасуға
болмайды.
5. Құралды егер ол қолданылмаса әрдайым
желіден ажыратып отыру керек.
6. Сонымен қатар құралды кез келген ақаулықтар
орын алған жағдайда және жұмыс аяқталғаннан
кейін желіден ажырату керек.
7. Құралды аталған нұсқаулықта көрсетілгендерден
басқа кез келген мақсаттар үшін қолданбау
керек. Жұмыс, сақтау және құралды күту аталған
пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес
жүзеге асырылуы керек.
8. Сым мен құралдың бүтіндігін қадағалау
керек. Құралды бүлінулер бар болған жағдайда
қолдануға тыйым салынады.
9. Жұмыс істеп тұрған электр құралының
жанында балалар мен жануарлардың болуларын
болдырмаңыз.
10. Электр құралын егер жану немесе жарылу
қаупі бар болған жағдайда қолданбаңыз, мәселен,
тез жанғыш сұйықтықтар мен газдың жанында.
11. Желілік кабель бүлінген жағдайда қауіп-қатерге
жол бермеу үшін оны өндіруші немесе оның агенті,
немесе аналогтік білікті тұлға ауыстыруы керек.
Желілік кабельді ауыстыру қолданыстағы тарифке
сай авторландырылған сервистік орталықта
жүзеге асырылуы керек.
12. Желдеткіш саңылаулардың әрқашан таза
болуларын қадағалаңыз. Олардың маңына қандай
да болмасын заттарды қоймаңыз. Желдеткіш
саңылауларды жинақталған шаңнан мезгіл-мезгіл
тазалап отырыңыз.
13. Электр құралын ашық ауада, жылу көздерінің
маңында немесе ылғалдылығы жоғары
бөлмелерде қолданбаңыз.
14. Электр құралын орнықты емес беттерге
немесе электр құралдарына орналастырмаңыз,
мәселен, тоңазытқышқа немесе дастарқан секілді
материалдарға.
15. Электр құралының ішін әрқашан таза ұстаңыз.
16. Электр құралының ыстық беттеріне
жанаспаңыз.
17. Тазалау алдында электр құралын әрдайым
желіден ажыратыңыз, оның толықтай суығанын
тосыңыз.
18. Электр құралымен жиынтықта бірге
жеткізілмеген керек-жарақтарды қолдану қауіпті
болуы және электр құралының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін.
19. Ішінде дайындалып жатқан немесе дайын
өнімдері бар электр құралын жылжытпаңыз.
20. Электр құралы өнеркәсіптік қолдануға
арналмаған және тек тұрмыстық мақсаттарда ғана
қолданыла алады.
21. Электр құралына үлкен көлемдегі ыдысты,
сонымен қатар өнімдердің көп порцияларын
орналастырмаңыз. Өнімдер мен ыдыстың
үстіңгі және бүйірлік қабырғаларына тимеулерін
қадағалаңыз, өйткені бұл өртке немесе электр
тоғымен зақымдалуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
22. Электр құралының бетіне қандай да болмасын
заттарды қоймаңыз.
23. Электр құралының айналасындағы еркін
кеңістік әрбір жақтарынан, сонымен қатар ауаның
еркін айналуы үшін үстінен 15 см кем болмауы
керек.
24. Электр құралын қолдану кезінде тек жылуға
төзімді ыдысты және металдан жасалған ыдысты
ғана қолдануға рұқсат етіледі. Электр құралына
бөгде заттарды, сонымен бірге пластиктен
жасалған ыдысты, жылуға төзімді емес шыныны,
қағаздарды, ағашт пен басқа да тез жанатын және
нәзік материалдарды қоймаңыз.
25. Өнімдерді электр құралынан шығару үшін
әрқашан қысқаштарды қолданыңыз.
26. Электр құралының духовкасында жану орын
алған жағдайда, оны реттегішті «АЖЫР күйіне
орната отырып, оны ажыратыңыз және оны электр
желісінен ажыратыңыз.
27. Аталған үлгі +15-тан +30°С-қа дейінгі жұмыс
температураларының ауқымындағы қоңыржай
климат шарттарында және ауаның 65%-дан
аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында
жұмыс істеуге арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған пайдалану
жөніндегі нұсқаулық барлық мүмкін болатын оқыс
жағдайларды қарастыра алмайды. Қолданушыға
электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік
техникасы шараларын өздігінен сақтауы керек
болады!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешбір жағдайда электр
құралын алкогольдік немесе есірткілік масайған
күйде немесе шындықты объективті қабылдауға
кедергі жасайтын басқа да шарттарда қолданбау
керек, және құралды осындай жағдайлардағы
және шарттардағы адамдарға сеніп тапсырмау
керек болады! Қолданушы электр құралымен
жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы
шараларын өздігінен сақтауға тиісті болады!
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек келесі шарттарды
сақтаған кезде ғана кепілдік беріледі:

Содержание

Скачать