Samsung RB41R7747B1 [106/228] Тоңазытқыш параметрлерін орнату

Samsung RB41R7747B1 [106/228] Тоңазытқыш параметрлерін орнату
Қазақ30
Тоңазытқыш параметрлерін орнату
Тоңазытқыш параметрлерін орнату
Тоңазытқышты орнатуға дайындық
Samsung тоңазытқышын сатып алғаныңызбен құттықтаймыз.
Осы құрылғы ұсынатын соңғы заманғы функциялар мен мүмкіндіктерді рахаттана қолданасыз деп
үміттенеміз.
Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, нұсқауларға сай орнатып, дұрыс жерге орналастыру керек.
Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын тек білікті маман орындауға тиіс екенін қатаң түрде ұсынамыз.
Осы құрылғының орам материалдарын қоршаған ортаға зиян келтірмейтін етіп тастау керек.
Тоңазытқышты орнатуға ең қолайлы жерді таңдау
Күн сәулесі тура түспейтін жерді таңдаңыз.
Едені тегіс (не барынша тегіс дерлік) жерді таңдаңыз.
Тоңазытқыштың есіктерін оңай ашуға болатын кеңірек жерді таңдау керек.
Тоңазытқышты жеткілікті орын шығарып, тегіс жерге орнату керек.
- Егер тоңазытқыш деңгейі дұрыс орнатылмаса, ішкі салқындату жүйесі дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
- Пайдалану үшін қажетті жалпы орын. Төмендегі сызба мен өлшемдерді қараңыз.
Тиімді температура ауқымы
Тоңазытқыш өз класы үшін көрсетілген температура ауқымында қалыпты жұмыс істеуге сәйкес
жасалған.
Санаты Таңба
Қоршаған орта температурасының ауқымы (°C)
IEC 62552 (ISO 15502) ISO 8561
Көбейтілген температура SN +10 бастап +32 дейін +10 бастап +32 дейін
Температура N +16 бастап +32 дейін +16 бастап +32 дейін
Субтропикалық ST +16 бастап +38 дейін +18 бастап +38 дейін
Тропикалық T +16 бастап +43 дейін +18 бастап +43 дейін
ЕСКЕРТПЕ
Тоңазытқыштың салқындату қарқыны мен пайдаланатын қуат мөлшеріне қоршаған ортаның
температурасы, есікті ашу жиілігі және тоңазытқыштың орналасқан орны әсер етуі мүмкін. Температура
параметрлерін тиісінше реттеуді ұсынамыз.
RB7000J_DA68-03846S-00_KK.indd 30 2019-04-29  2:40:34

Содержание

Похожие устройства