Haier HHY-C64DFB Инструкция по эксплуатации онлайн [33/64] 560904

33
Қауіпсіздік туралы ескертулер
Сіздің қауіпсіздігіңіз біз үшін маңызды. Пісіру
панелін қолданар алдында осы ақпаратты оқып
шығуыңызды сұраймыз.
Орнату
Электр тогының соғу қаупі
Жөндеу немесе техникалық қызмет жұмыстарын
жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
Жақсы жерге тұйықтау жүйесіне қосылу маңызды
және міндетті болып табылады.
Үйдегі электр сымдары жүйесіне өзгерістерді тек
білікті электр маманы жүргізуі керек.
Бұл кеңесті орындамау электр тогының соғуына
немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Жаралану Қаупі
Абай болыңыз - панель ернеуі өткір.
Сақтық шараларын сақтамау жарақат алуға немесе
кесуге әкелуі мүмкін.
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Осы құрылғыны орнату немесе қолдану алдында
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Бұл құрылғыға ешқандай жанғыш материалдарды
немесе бұйымдарды ешқашан қоймаңыз.
Бұл ақпаратты құрылғыны орнатуға жауапты
тұлғаға жеткізіңіз, себебі бұл сіздің орнату
шығындарыңызды азайта алады.
Қауіптің алдын алу үшін бұл құрылғы орнату
бойынша нұсқауларға сәйкес орнатылуы тиіс.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения