Indesit IDU 0175 [15/40] Ақаулар мен оларды жою әдістері kz

Indesit IDU 0175 [15/40] Ақаулар мен оларды жою әдістері kz
Ақаулар мен оларды жою әдістері KZ
15
Мұздатқыш қанағаттанарлықсыз жұмысы немесе
жарамсыздықтардың пайда болуы жағдайында
сервистік қызмет техниктерін шақырмас бұрын осы
тарауды оқыңыз. Көптеген жағдайларда Сіз туындаған
проблемаларды өзіңіз шеше аласыз.
Мұздатқыш істемейді
Төмендегілерді тексеріңіз:
Үйде электр ажыратылмаған;
Вилка розеткаға сенімді қосылған;
Розетка жұмысқа жарамды. Тексеру үшін
розеткаға жұмысқа жарамдылығында күмәніңіз жоқ
құрылғыны қосыңыз.
Мұздатқыш бөліктеріндегі температура өте
жоғары
Төмендегілерді тексеріңіз:
Есік тығыз жабылған, есік нығыздағышы
зақымдалмаған;
Термиялық реттегіштің тұтқалары дұрыс күйде
орналасқан;
Бөліктер тағамға аса толмаған;
Мұздатқыштың есігі жиі ашылмады.
Компрессор үнемі жұмыс істеп тұрады
Төмендегілерді тексеріңіз:
Есік тығыз жабылған, есік нығыздағышы
зақымдалмаған, есік тым жиі ашылмайды;
Ғимараттағы температура аса жоғары емес;
Термиялық реттегіштің тұтқалары дұрыс күйде
орналасқан;
Мұздатқыш жұмыс кезінде қатты шуылдайды
Төмендегілерді тексеріңіз:
Мұздатқыш тегіс қойылған;
Мұздатқыш бөгде заттарға тимейді (мысалы,
жанындағы жиһаздар).
Салқындату жүйесінің ішінде айналатын
салқындатқыш агент, тіпті компрессор жұмыс істемей
тұрса да, ақырын бүлкілдеуі мүмкін. Алаңдамаңыз, бұл
өте қалыпты
Термореттегіш пен компрессорды қосуға тән
дыбыстар аспаптың электр жабдығы жұмыс жасауы
кезінде пайда болатын дыбыстар болып табылады.
Қызмет көрсету және күту
Жуу немесе қызмет көрсету бойынша кез
келген операцияларды орындау алдында
мұздатқышты электр желісінен ажыратыңыз.
Еріту
Назар аударыңыз! Жібіту процесін жеделдету үшін
мұздатқыш қабырғаларын тырнап тастауы немесе
буландырғыш саңылаусыздылығын бұзуы мүмкін
заттарды қолданбаңыз.
Уақыт жеткенде мұздату камерасының ішкі
қабырғаларында және буландырғышта қырау өседі.
Қыраудың қалыңдығы 5 мм артық болған жағдайда
мұздатқышты жібіткен жөн.
Термореттегіш тұтқасын «Сөнд.» қалпына
орнатыңыз да, мұздатқышты электр желісінен
ажыратыңыз. еріту уақытында тоңазытылған
тағамдарды газеттің бірнеше қабатына ораңыз да,
оларды мүмкіндігінше салқын орынға орналастырыңыз.
Қырау тезірек еруі үшін есігін ашық қалтырыңыз.
Жібітуді жеделдету үшін камераға жылы суы бар
кәстрөлді орналастырыңыз.
Жиналған ылғалды сорғышпен немесе сіңіргіш
матамен тазалаңыз. Қайталап қосу алдында
камераларды жуыңыз да, мұқият кептіріңіз.
Қолмен орындалатын жібіту, құралды тазарту және
оған қызмет көрсету кезінде тоңазытылған тамақ
өнімдері температурасының артуы оларды сақтау
мерзімін азайтуы мүмкін.
Қызмет көрсету және күту
Мұздатқыштың ішкі және сыртқы беттерін жылы
суда ас содасының ерітіндісінде суланған сорғышпен
немесе жұмсақ матамен жуыңыз (сода сонымен қатар
жақсы дезинфектор болып табылады). Ас содасы жоқ
болған кезде бейтарап жуғыш құралды пайдаланыңыз.
Ешқашанда жеңіл тұтанатын органикалық
еріткіштерді, абразивтілерді, хлоры және аммиакы бар
заттарды пайдаланбаңыз.
Барлық алынбалы бөліктерді сабынның немесе
жуғыш құралдың судағы ерітіндісімен жууға болады.
Сонымен қатар оларды ыдыс жуғыш машинада жууға
болады. Есіңізде болсын, барлық алынбалы бөліктерді
қайтадан мұздатқышқа қойғанға дейін мұқият кептіру
қажет.
Тозаң мұздатқыштың конденсаторында жиналуы
мүмкін және оның қалыпты жұмысына кедергі келтіруі
мүмкін. Жарамды қондырғыларды пайдалана отырып,
мұздатқыштың артқы қабырғасын мұқият шаңын
сорыңыз.
Егер Сіз ұзақ уақытқа мұздатқышты
пайдаланбайтын болсаңыз, оны ерітіңіз де, ішін жуыңыз,
кептіріңіз және жағымсыз иіс пен тозаңның пайда
болуының алдын алу үшін, есіктерін ашық қалтырыңыз.

Содержание

Скачать